Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау слайд,презентация
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау слайд,презентация
П. Друкер шығармашылық ықпалға дәл анықтама берді. «Кез-келген мақсат жүзеге асқанда, менің білетінім, мұнымен идеяға бар ынтасымен берілгендер — фанатиктер шұғылданады». Фирманың ішкі шығармашылығын дамыту үшін американдық менеджерлер өзінің қарамағындағыларға үнемі мынадай сұрақ қояды: «Қазіргі істеп жүргеніңізден басқаша, сіз тағы не істегіңіз келді, әрі мұның өзі барлығымызға және тұтастай компанияға қандай пайда келтіреді?». Осы сұраққа жауап бере отырып, фирманың әрбір қызметкері алдына өзін-өзі жетілдіру мақсатын және оған жету мерзімін қояды. Қалыптасқан жағдайға «статус-кво» күмән келтіруге де, жалпы қабылданған жағдайды теріске шығаруға да болады. Альберт Эйнштейн жаратылыстану ғылымын үйреніп жүрген студенттерге мынадай кеңес берген: күнделікті бір сағат уақыт бөліп біреудің идеясын теріске шығаруға, сөйтіп мұқият ойлана отырып, өз идеяңды ұсынуға талпын.