Кітап –білім бұлағы тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты

0

Кітап –білім бұлағы тәрбие сағаты

 

                      Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп мұғалімі 
Чуйкебаева Әсел 
Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап –білім бұлағы

 Сабақтың мақсаты:
 
1.Білімділік: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.

Тәрбие сағатының барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі-оқушылармен сәлемдесу,мемлекеттік әнұранды орындату.
 
2. Негізгі бөлім

Кітап арабтың   “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.
 «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой — өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.
  Бүгін біз «байлықтың үлкені — рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс — кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . .
  Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. 
  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир.
   Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша — мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет.  Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса..    Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасаса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен  бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.    
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. 
  Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. 
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 
2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.
                    Мақал-мәтелдер
1.Оқу  — білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
7. Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
8.Кітап — алтын қазына.
9.Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.
                                  
                         Кітап туралы ой-толғаныстар

**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.
**Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!
**Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.
**Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.
**Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.
**Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.
**Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.
**Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,
**Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады
**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
**- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.
3.Қорытындылау

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!