Сұлтанмахмұт Торайғыров Кедей ашық сабақ — Ашық сабақтар
Күні:
Сабақ: әдебиет
Сабақтың тақыры: С. Торайғыров « Кедей»
Сабақтың мақсаты: С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы, өлеңнің мазмұнын ашады. Өлеңдегі оқиғаны өз түсінігімен жеткізе білуге дағдыландырып, тіл байлықтарын арттырып, сөздік қорын молайту. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, мейрімділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: топпен жұмыс
Қолданылатын стратегиялар: Венн диаграммасы, 5 жол өлең, кесте, тірек сызба
Сабақ барысы:
1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі-бәрі орнында…
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1,2,3 сандарын қайталату арқылы топқа бөлу
I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын сұрау
Сұрақтар:
-Бұл әңгімеде оқиға қандай кезеңде болған?
(Ашаршылық кезеңде болған)
— Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
(Әкесі Мақтым тамақ әкеле ме деп күтеді)
— Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
(Жылаған себебі тамағы жоқ, сол кезде ашаршылықтан қатты қиналды.Жоқшылық жандарына батады, сондықтан жылады)
II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет
1894 ж Қостанай обл,Таран ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы , қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі, ақын, драматург. 1 жасқа толмай жатып әкесінен, алты ға шығарда шешесінен айырылған. Жетім қалған ол байларға жалданады.Ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.1915 ж « Садақ» қолжазба журналы шықты. Ол 1911-1915 жыл Уфадағы « Ғалия» медресесінде оқыған. 1938 жылы жалған атмен дүниеден өтті.
III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі, бірінші ашаршылық Ресейдегі азаматтық соғыстың кесірінен болса, екінші табиғи апат , қолайсыз ауа райының салдарынан орын алған ашаршылық. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқының түгелдей дерлік босып шет елдерге өтіп, жете алмағандары жалда қалып, қаншама қазақ атамекенінде құрылып қалды.
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест сұрақтары:
1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?
А. соғыс жылдары
Б. ашаршылық жылдары
В. жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық қай жылдары болған?
А. 1941-1945 жылдары
Б. 1936 жылы
В. 1930-1932 жылдары
3.Жырлағаным –кедейдің жыры,
Сырлағаным-кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Бұл кімнің сөзі?
А. Б.Майлин
Б. Қабанбай батыр
В. Б.Соқпақбаев
4. Ой қозғау Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?
-Кедей..
-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?
5. Мағынаны тану.
Автор туралы мәлімен
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқып, түсіндіреді.
2.Іштей оқу
Топтық жұмыс.
І топ: 1 шумақты оқиды. Тірек сөздер жазады. Осы сөздер арқылы өлеңнің мазмұнын ашады.
ІІ топ: 2 шумақты оқиды. Тірек сөздер жазып, өлеңнің мазмұнын айтады.
ІІІ топ: 2 мәтінде қандай жыл мезгілдері берілген. Тақырыпта сәйкестік бар бар?
І шумақ тірек сөздер: күзгі түн, ызғар, құрау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т.б
ІІ шумақта: ұзақ түн, иттен басқа, жаурау, талай жасқа т.б
ІІІ топ: І-ші әңгімеде қыс қатаң кедей өмірі
ІІ-ші әңгімеде күз ызғарлы ,с әйкестік кедей
2. Тапсырма: осы өлеңнің түртіп алу стратегиясы бойынша түсініксіз сөздерді қарындаштарыңмен түртіп алған сөздерінді INSERT стратегиясы бойынша
толтырыңдар.
V. Білемін — Білмеймін ? Үйренгім келеді.
3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не
білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.
4.Топтарда толтырған кестелер арқылы пікір алысу.
5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
6. Сергіту сәті.
7.Ой толғаныс.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.
I топ II топ III топ
— Әр топтың жауаптары тыңдалып болғаннан кейін, өзім толықтырамын:
— Иә, балалар қазіргі кезде кедей адамдар бар, жоқ деп айтуға болмайды, неге олай, қазіргі кездегі кедей адамдар жалқаулықтан, еріншектен, бос жүруден, жұмыссыздықтан болады.
8.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін- келбеті. Мақалмәтелдер айту
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар…
9. Венн диаграммасы.
І топ: « Күлпаш» пен « Кедей» әңгіме мен өлеңін салыстыру.
ІІ топ: Авторларды салыстыру.
ІІІ топ: 5 жолды өлең құрастыру.
Ұқсатығы ұқсастығы
10. Бекіту. Бес жолды өлең
1.Кім?-Кедей
2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,
3.Не істеді?-Қой бақты.
4.Не үшін?- Күнін көру үшін.
5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.
11.Қорытынды.
12.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.
13.Үйге тапсырма: С.Торайғыров «Кедей» өлеңін жаттау.