Арулар асыл жандар тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты
Арулар асыл жандар тәрбие сағаты
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы
№21 жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Егизбаева Сауле Хамитовна
Тақырыбы: Арулар асыл жандар
Мұғалім : Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерге көптен күткен
«Арулар асыл жандар » атты байқауымызды тарту етпекшіміз .
-Біздің халқымызда « Қыз » деген сөздің өзі әдеміліктің , әдептіліктің , жан – жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданады . Халқымыздың ауыз әдебиетінде :
Қыз емес қыздың аты аты қызыл алтын ,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын .
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес ,
Халқының сақтай білген ізгі салтын . —
деген өлеңі бар . «Қыз өссе елдің көркі , гүл өссе жердің көркі » деген мақал бар. Осынын бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктігінен, өнер –білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөз. Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсіреді.
— Әділ қазылар алқасын тағайындау.
— Енді « Арулар асыл жандар» байқауын сынып сұлтандары Базылбеков Қайсар мен Қасымов Ұлан жүргізеді.
Қайсар : Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнап тұрындар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Ұлан : Аналарды ардақтаған халқымыз
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Қайсар: Уа , халайық , халайық
Мұнда назар салайық
Аруларын ортада
Көзайымын алайық
Қайсы күйші , кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек , кім тапқыр
Таланттарын табайық
Ұлан : Асқар анау аталар
Салиқалы аналар
Ұрпағың бұл тағы бір
Бүгін ару атанар
Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар
Ару болу үлкен сын
Оны қазың бағалар
Қайсар : Ал енді аруларымызбен танысыңыздар !
« Қыз сыны » музыкасымен қыздар шығады . Екі жүргізуші оларды кезекпен таныстырып тұрады .
1 . Сайысымыздын бірінші бөлімінде аруларымыздың өзін – өзі таныстыруы .
Назым: Руым – Сеңгірбек
Сеңгірбек – Абылайдың батыры еді
Қоныстап Көксеңгірде жатыр еді
Қолынан Қорен қалмақ жазым болып
Жарықтық Ақтоғайда жатыр енді
Исатай – ұлы әкем жүзге келіп отыр
Құдайым тілеуіне беріп отыр
Өмірде бұдан артық арман бар ма?
Немере, шөбересін көріп отыр
Өзімнің үлкен әкем Қосар деген
Алпысқа осы қазір келіп отыр
Ақылын балаларына беріп отыр
Үйдегі Жазбек деген өзім әкем
Өсіріп мені әлпештеп бағып отыр
Өзімді таныстырсам атым Назым
21 мектебімде оқып жүрмін
Гүлмарал:Дәуір қызы оқушы Гүлмаралмын
Аспанда жарқыраған ай маралмын
Оқу-білім арманым да, мақсатым да
Ақылменен терең ой бар мақсатым
Меруерт: Армысыздар жиналған көп халайық
Сәлемдесу жас аруға лайық
Руым-Арғын, Тобықтының қызымын
Мен- Меруерт Төлеуханның гүлімін
Гүлмайра: Қызымын мен Талғаттың Гүлмайрамын
Өнерім жаннан асқан шын сайраймын
Жарысқа шығып тұрмын озамын деп
Қатарымнан мен де қалмай шығамын деп
Зухра: Армысыздар Халайық
Сәлемдесу бізге лайық
Таныстырсам өзімді
Әкем- Мүрат, Атым-Зухра
Шешем аты-Индира
Бүгінгі күн алдарыңызда
Шығып тұрмын мен жарысқа
II. «Біреу білмегенді , біреу білер » демекші сайысымыздың екінші бөлімінде аруларымыз сұрақтарға жауап береді.
1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата .
2. Қазақша жыл аттарын ата .
3. Қазақтың қандай батырларын білесің?
4. Қандай халық әншілерін білесің?
5. Әдептілік дегенді қалай түсінесің?
6. Қазақ ойындарын ата.
7. Жеті қазынаны ата.
III . «Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Қас арулар сөз айтар», — демекші сайысымыздың мәнерлеп тақпақ оқуымен таныс болыңыздар.
IV. « Жұмыстың көзін тап ,
Түзудің тезін тап » , — демекші сайысымыздың 4 – ші бөлімінде аруларымыздың түйме қадауларымен таныс боласыздар. Кезекте түйме қадау!
V. Енді аруларға тән не қалды? Әрине, өнер. «Өнерлі өрге жүзер » демекші, қазір өнер сайысын тамашалап көңіл сергітейік.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолында.
Жарқырап жатыр жолында
Өнерлінің ырысы
Сонымен өнер сайысы .
VI . Сайысымыздың ең соңғы бөлімінде аруларымыздың аналарына, ұстаздарына, сыныптас жолдастарыны айтатын құттықтау сөздерін тыңдаңыздар !
-Әділ қазылар алқасының қорытынды сөздері