Шәкәрім Құдайбердиев ашық сабақ — Ашық сабақтар
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ әдебиеті
2. Сыныбы: 10
3. Күні, айы, жылы:25.01.2013
4. Тоқсан: ІIІ
5. Мұғалім: Сатбаев С. Б.
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиев өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердиев өмірі мен шығармашылығынан жалпы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: оқушыларға ақынның өмірі мен мұралары туралы білім бере отырып, «Жастарға» өлеңін.талдауға үйрету
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: адамгершілікке, ғылым-өнерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, багалау,
бекіту, қорытындылау.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысыныдағы әдебиет. 1-слайд.
А.Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы. 2-слайд.
ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе.
Құнанбайдың ұрпақтары. 3-слайд.
Шәкәрім – Абайдың немере інісі әрі шәкірті. 4-слайд.
ІҮ Жаңа сабақ.
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. 5-слайд.
Шәкәрімнің поэзиядағы еңбектері. 6-слайд.
Шәкәрімнің прозадағы еңбектері. 7-слайд.
Шәкәрімнің драматургия, аударма , публицистика, философия салалаларындағы еңбектері.
8-слайд.
Шәкәрімнің сазгерлік, мысал жанрларындағы еңбектері. 9-слайд.
Шәкәрімнің әні. «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек». 10-слайд.
Шәкәрім атындағы мектеп, университет, даңғыл,мұражай суреттерін қосымша көрсету.
11,12-слайд.
Шәкәрімнен не білдім? Тексеру 13-слайд.
«Жастарға» өлеңін мәнерлеп оқу. 14-слайд.
Өлеңді талдау. 15-слайд.
Семантикалық картамен жұмыс. 16-слайд.
Ү Сабақты бекіту. Ғалымдар пікірі. 17-слайд.
ҮІ Үйге тапсырма. Шәкәрім Құдайбердиев өмірі мен шығармашылығы. «Жастарға» өлеңін
жаттау.18-слайд.
VIІ Оқушылардың жауаптарын бағалау.