Қазақша реферат: Бүйрек үсті бездер реферат |

0






Бүйрек үсті бездер жануарларда бүйректің алдыңғы жағында орналасқан жұп орган. Олардың жалпы массасы жылқы мен сиырда 25-40 г, шошқада 6-8 г, қой мен ешкіде 3-5 г, тауықта 200-400 мг. Әр без сырт жағынан дәнекер ұлпалы фиброздық қабықпен қапталған және сыртқы — қыртысты қабат, ішкі — бозғылт затқа бөлінген. Эмбриогенезде (ұрықтық даму кезеңінде) қыртысты қабат мезодермадан (ұрықтың аралық немесе ортаңғы қабығынан) дамиды да, интерральдық ұлпадан құралады. Бозғылт зат эктодермадан (ұрықтың сыртқы қабығынан) дамып, хромаффиндік ұлпадан тұрады. Қыртысты қабат гистологиялық құрылысына байланысты: сыртқы — шумацты, ортаңғы — шоғырлы, және ішкі — торлы үш аймаққа бөлінеді. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Шоғырлы аймақ торшалары арасында кеуекті торшалар — спонгиоциттер орналасады. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл қабатта көптеген жұйке талшықтары (симпатикалық) мен ганглиоздық жүйке торшалары кездеседі. Организмде негізгі бүйрек үсті бездерден басқа не қыртысты заттан, не бозғылт заттан, кейде аталған екі бөлік те болатын майда бездер де кездеседі. Кұстарда без қабаттарға бөлінбейді, хромаффиндік торшалар бүкіл без ұлпасында бытырап жатады.








Бүйрек үсті бездері қанмен мол жабдықталады, симпатикалық жүйке талшықтарымен жүйкеленеді. Бездердің әр қабатының физиологиялық маңызы эртүрлі. Ар-наулы операция арқылы бездердің қыртысты бөлімін сылып тастаса, мал өліп қалады. Бозғылт заттың сақталуы малды өлімнен күтқармайды. Демек, бүйрек үсті бездердің қыртысты қабатының тіршіліктік маңызы зор. Бездің қыртысты бөлігі аймақтарының да физиологиялық маңызы эрқилы. Шумақты аймақта — минералкортикоидтар, шоғырлы аймақта — глюкокортикоидтар, торлы аймақта — андрокор-тикоидтар түзіледі.
Бүйрек үсті бездердің қыртысты қабатынан 40-тан астам заттар бөлінген. Олардың тек бесеуі ғана (дегидрокортикостерон, кортикостерон, альдостерон, кортизон, гидрокортизон) биологиялық белсенділігімен ерекшеленеді. Аталған биологиялық белсенді заттардың үшеуі ғана — алъдостерон, кортикостерон және гидрокортизон, нағыз гормондар, ал басқа қосылыстар осы гормон-дардың алмасу өнімдері болып табылады.

Бездің қыртысты қабатында түзілген гормондар:
1) минералокортикоидтар — альдостерон, дезоксикортикостерон;
2) глюкокортикоидтар — гидрокортизон, кортизон, кортикостерон;
3) андрокортикоидтар — андрогендер (андростендион, андростерон), эстрогендер (эстрон) және прогестерон болып үш топқа бөлінеді.





.





.

Минералкортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын, ең алдымен, қан қүрамындағы натрий мен калий деңгей-ін реттейді. Альдостерон организмде натрийдің, хлоридтердің, судың жиналуына ықпал етіп, денеден зэр арқылы калий мен фос-фордың бөлінуін күшейтеді. Минералкортикоидтар тапшылығы салдарынан организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөледі де, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бүзылады, мал өліп қалады.

Минералокортикоидтардың бөліну қарқыны денедегі натрий мен калий мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Қан қүрамында натрий мөлшері жоғарыласа, минералокортикоидтардың бөлінуі баяулап, ал төмендесе, үдеп, күшейеді. Калий керісінше, эсер етеді. Ұлпалық сүйық пен қан плазмасының мөлшері көбейсе, минералокортикоидтардың бөлінуі баяулайды. Ескерте кетер жайт, натрий мен калий бүйрек үсті бездерге тікелей эсер етпейді, олар без қызметін гипоталамус арқылы өзгертеді.

Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар жэне майлар ал-масуын жандандырады. Олар үлпада белоктардың ыдырауын күшейтіп, синтезін бәсеңдетеді. Осының нәтижесінде қан қүрамындағы амин қышқылдарының мөлшері жоғарылап, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айналады. Глюкокортикоидтар әсерімен май қорларының шығыны артып, қуаттық алма-су күшейеді, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі. Сонымен қатар олар антиденелердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды рөл атқарады. Глюкокортикоидтар тіршілік тірегі болатын гормондар то-бына жатпайды, олардың жоқтығынан мал бірден өліп кетпейді. Дегенмен де, олардың тапшылығы организмнің эртүрлі қолайсыз эсерлерге төзімділігін төмендетеді. Андростероидтар жыныс органдарының дамып-жетілуіне ықпал етіп, белок синтезін күшейтеді, организмнің өсіп-дамуын реттейді. Бүл гормондар аз мөлшерде бөлінеді. Жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кэрі организмде андроген мен эстрогендер көзі бүйрек үсті бездер болып табылады. Андростероидтардың көп бөлінуі, эсіресе, аналық дарақтарда, эртүрлі ауытқуларға соқтырады. Олардың аталық жыныстыларға тән еттері күштірек дамиды, түктері өседі, ертерек жыныстық жетілу байқалады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!