Бойды қалай ұзартуға болады?

0

Бойымды қалай өсіремін? 

Тағамды шамасынан асырып немесе тағам құрамында ақуыздың жеткіліксіз болуы бойды дұрыс өспеуіне әкеліп соғады. Бойдың өспей қалуын адамның гендік ерекшеліктерімен де байланыстырып түсіндіруге болады. Бұдан да басқа көптеген фактор әсер етеді. Мәселен, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның адамдарының орташа бойын салыстырып көрген ғалымдар солтүстік бөлікте тұратын адамдардың 7 сантиметрге биік екенін аңғарған. Мұның себебін мамандар өте көп мөлшерде ас ішуден дейді. Бойдың өсу-өспеуі 80-85 пайызы генетикалық факторларға тәуелді. Ал қалған сыртқы факторлардың үлес салмағы 15-20 пайыз ғана екен. Егер біріншісінде ата-тегіңіздің орташа бойы маңызды болса, екіншісі адамның тамақтануы мен ағзаға қажетті микроэлементтердің қорек етілуінен екен. 

Бойды өсіретін азық-түлік 

Бойдың өсуіне тікелей әсер ететін дәрумен – D дәрумені және мырыш (цинк). Бұл элементтер адамның нәресте кезінде-ақ ағзаға жетуі керек. Ал ересек адамдар бұл дәруменді қанша қабылдаса да бойының өспеуі әбден мүмкін. Бұдан басқа, кальцийдің де бойға әсері барын көп естиміз, мәселен құрамында кальций бар азықты қаншалықты көп жесек, соншалықты бойымыз биік болады деп ойлаймыз. Бірақ бүгінге дейін кальцийдің бойды өсіргені жайлы ғылыми дәлел кездеспеген. 

Бойды өсіру үшін қандай жаттығу жасау керек? 

Нақтылай қандай да бір жаттығуды жасаған кезде бой өседі делінетін дерек табылмады. Ал белтемірде (турник) тартылу әлі де аңыз ғана. Әрине, белтемірде жаттыққан жасөспірімнің бойы өсуі мүмкін, бірақ бойдың өсуі нақтылай белтемірдің әсерінен болғанын анықтау өте қиын. Ал ауыр темір көтеру, әсіресе 17 жастан кішілерге ауыр тиеді. Ал ең жақсы әдіс деп ғалымдар ұйқыны айтады. Егер ұйқыңыз тыныш болса бойыңыз да тез өседі.

дереккөзі: «ПТ» топтамасынан