Ертегілер туралы түсінік ашық сабақ — Ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер туралы түсінік
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу,тіл байлығымды дамыту, ертегі оқуға деген қызығушылығымды арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, жартылай-ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, эйлер дөңгелегі, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.
Ресурстары: интерактивті тақта,5 сыныптық оқулығы авторы:Ә Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. Алматы «Атамұра» 2010
Мазмұны: 1. Ертегі туралы түсінік, оның түрлері
Морфологиялық карта
№ р/с Тақырыбы Өмірге қажетті ақпарат Басқа пәндерде кездесетін ақпарат Берілген пәнді одан әрі оқып тану үшін қажетті ақпарат Жалпы ой-өрісін дамыту үшін ақпарат
1. Ертегі туралы түсінік Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді.
Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі, ҰБТ, ОЖСБ,
5-11 сынып әдебиеті Танымдық қабілетін, ой-қиялын,тіл байлығын дамыту
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру
Кезеңнің міндеті – оқушылардың психологиялық дайындығы, сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.
II. Тақырыпқа енгізу
1 – деңгей білім
«Қане жауап ізделік»
— Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?
— Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?
— Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
— Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?
— Мақал мен мәтелдің айырмасын айт?
— Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
— Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
ІІ деңгей. Түсіну
1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
— Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
— Өнер алды – қызыл тіл
— Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)
ІІІ деңгей Қолдану
1) Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)
мақал – мәтелдер жұмбақтар Батырлар жыры
Тұрмыс салт — жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар
2) Мына сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел жазыңдар.
Отан, жер, еңбек, оқу, тіл, білім
3)Эйлер дөңгелегі арқылы қарама – қарсы мағыналы мақал-мәтелдерді көрсетіңдер
Оқулықпен жұмыс. 26-27 бет
ІV деңгей Талдау
Мұғалімнің сөзі. Мына суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.
— ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
— Қандай ертегілерді білесіңдер?
— Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?
Толықтыру (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі,тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы,мұң-шері, арман-мұраты жатыр.)
Оқулықпен жұмыс 34-35 бет
Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр
Ертегілер
Хайуанаттар туралы
ертегілер Қиял – ғажайып
ертегілері Шыншыл ертегілер
V деңгей. Синтез
(Шежіре ағашы) Геанологическое древо
Тамырлары — Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).
Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандайды ( мәселе – адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)
Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т.б.)
VІ деңгей бағалау.
«Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері маған неге ұнайды?» тақырыбында шағын ертегі жазу.