Қазақ тілі — менің тілім! тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты

0

Қазақ тілі — менің тілім! тәрбие сағаты

 

Қазақ тілі — менің тілім!

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде,  әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,  салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 

Барысы:
Жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар,  даярлаған мерекелік бағдарламамызды  сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз  мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды. 
Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері,  тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз  ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.

Елнұр: Тілім менің! 
       Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, 
       Аралыммен арыммен қатар қойып, 
       Тілді қорғау –парызым бүгін менің, 

Бексұлтан:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 

Нұрдаулет:    Қазақ тілің-Атаң, Анаң, 
                     Қуат алар Отан да одан.
                     Дүниеде ешбір асыл
                     Тең келмейді қатар оған. 
Жүргізуші: Би «Қара жорға»
Жүргізуші: Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
                    Қатысушылар 5б мен 5д сынып оқушылары. 
Викториналық сұрақтар:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
4. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).  
6. Абайдың туған жылы? (1845).
7. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
8. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
9. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Н.Т.Абилова, С.Арыстангалиева, Б.Ильясова 
Математика пәнінің мұғалімі: Ж.У.Жанесова

Жүргізуші: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді  назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
Халқымызда батаны  әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал  қариялар береді. 
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы:
Талдай бой  берсін, 
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын. 
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын! 
Әумин! 

Келесі көрініс — жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек: 
— Армысыз, ата!  Мына нәрестеге бата сұрай келдік. 
— Ақсақал: 
— Қолыңды жай, балам! 

Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!  Әумин!

Темірлан:         Мәртебесі тіліміздің биік екен
                     Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
                     Тілімізді ұмытпайық  әрқашан
                     Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

Марс:         Тілім саған арналады бар күнім 
                       Сен арқылы таси түсті шаттығым.
                      Қазақ тілін білмесең сен егер де,
                      Онда сенің қазақ тілге жоқтығың. 

Сәбит:         Қазақ тілім сенсің бар гүлім 
                      Арналады менің саған бар күнім. 
                      Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
                      Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

Жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде  мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. 

Мақал-мәтелдер сайысы: 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
10. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде)

Жүргізуші: Ән «Ұстазым»
Жүргізуші: Енді әділ-қазыларға сөз берейік.
Жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!        
     

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!