«QAZSPORT» Еуропаның үздік 5 біріншілігін көрсетеді

0

«QAZSPORT» телеарнасы «SETANTA» ұжымымен бірлесе отырып, спорт сүйер қауымға футбол ойындарын тарту етпек, деп жазады Prosports.kz сайты. 

Алдағы уақытта «QAZSPORT» телеарнасы әр апта сайын Еуропаның үздік лигаларының кейбір матчтарын тікелей эфирде ұсынбақ. Атап айтар болсақ: Ағылшын премьер лигасы, неміс Бундеслигасы, Испания біріншілігі, Серия А және француздық Лига 1.

Ал қалған ойындарды кабельдік телеоператорларда қолжетімді «Setanta sports», «Setanta sports+» және «Setanta Qazaqstan» арналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрынғы маусымдарда «QAZSPORT»  телеарнасы Испания, Англия, Германия чемпионаттарының матчтарын әр жылдары көрсеткен болатын.



Дереккөз: prosports.kz/kz