Наурыз айында ауа райы қандай болады? — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Синоптиктер көктемнің алғашқы айына арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Синоптиктер болжамынша, республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (арты жаңбырға ұласатын қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы солтүстік бөлігінде түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін, күндіз 0-5 жылылыққа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірде ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус жылылыққа дейін көтеріліп, күндіз 10-8 градусқа дейін жылы болады.
5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл республиканың аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде сынап бағанасы түнде 10-15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді. Ал батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2-7 градус аяз күтіледі.
Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3-8 градус жылы болып, солтүстікте, шығыста, орталықта 0-5 аяз күтіліп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10-15 градусқа дейін күн жылынады.
Айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.
Болжамның ықтималдылығы – 60-75 пайыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz