Қазақша реферат: Мал организміне буаздықтың әсері |

0






Буаздық кезеңінде ұрғашы мал организмінде көптеген функционалдық өзгерістер байқалады. Ең алдымен, ішкі секреция бездерінің қызметі өзгереді, олардың өзара байланыстарында ерекшіліктер туындайды. Фолликулалардың дамуы үстінде аналық безден бөлінген эстроген гормоны жатыр еттерінің өсуін күшейтіп (гиперплазия), оның кілегейлі қабығында торшалардың көбейе өсуін (пролиферация) туындатады. Ал сары денеден бөлінген прогестерон гормонының әсерімен ұрық жатырға бекиді (нидация, имплантация). Бұл гормон жатыр етінің окситоцинге сезімталдығын төмендетіп, жатыр қимылын баяулатады, аналық безде фолликулалардың жетілу процесін, овуляцияны тежейді. Буаздық кезеңінде жолдас та көп мөлшерде эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Сонымен қатар тақ түяқты жануарларда көбею процесін нейрогуморальдық реттеуде түліктік ерекшеліктер де байқалады. Мысалы, биелерде буаздықтың алғашқы айында гипофиздің гонадотроптық гормондар бөлу қабілеті күшейіп, сары дене онша көп белсенділік көрсетпейді. Осымен байланысты биелерде буаздықтың алғашқы айларында аналық безде фолликулалар жетіліп, овуляция процесі де байқалуы мүмкін. Сонымен қатар қанда фолликулалардатүзілетін эстрогендер концентрациясы өседі де, жатырға ішіндегі бластоциста ерекше эсер етеді. Осыдан жатырдың кілегейлі қабығында эндометриялық ойыс деп аталатын арнаулы қүрылым пайда болып, ол уақытша эндокриндік без қызметін атқарады. Бұл құрылым торшалары гонадотропин түзіп, оны қанға бөледі де, қосымша фолликулалардың өсіп-дамуына ықпал етеді. Олар жарылған соң орындарында пайда болган сары денелер көп мөлшерде прогесте-рон гормонын бөледі. Бұл ұрықтың жатырға бекуіне мүмкіндік туғызады. Прогестеронның әсерімен эндометриялық ойыстар бүзылып, жатыр гонадотропинінің бөлінуі тиылады. Буаздықтың 3-3,5 айлық кезеңінен бастап, прогестерон мен эстрогендердің ара қатынасын жолдас реттей бастайды.








Буаздықтың алғашқы жартысында ас қорыту ағазаларының қызметі күшейіп, азық жақсы қорытылады, оның сіңімділігі артып, малдың қоңы жақсарады. Бірақ буаздықтың екінші жартысында мал арықтай бастайды. Буаздық кезінде бауырда гликоген көп жинақталып, қан қүрамында бейтарап майлардың, липидтер мен холестериннің концентрациясы жоғарылайды. Буаздықпен байланысты қанның жалпы мөлшері көбейіп, бірақ оның мор-фологиялық қүрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды, қанның ұйығыштығы артып, эритроциттердің түну жылдамдығы шапшандайды, гемоглобин деңгейі көп ауытқымайды, қанда каль-ций мен фосфор мөлшері төмендеп, калий деңгейі жоғарылайды. Іштөлдің мүқтаждығын қамтамасыз ету үшін жүректің жұмысы күшейеді, тыныс жиілейді, бүйрек қызметі артып, зәр мен нәжіс бөлу жиілейді. Желінде де күрделі өзгерістер байқалады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!