Ақұштап Бақтыгереева Асылың, анаң-сырласың — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Сабақтың тақырыбы: Ақұштап Бақтыгереева «Асылың, анаң-сырласың»
(Туған ана туралы өлеңдері)
Сабақтың мақсаты:
а) «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған А.Бақтыгерееваның шығармашылығы туралы оқушылардың таным,білім көкжиегін кеңейту, өлең мазмұнын ұғындыру;
ә) оқушыларды мейірімділікке ,анасын сүйіп құрметтеуге,ананы сыйлап,қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
б) оқушының өз бетінше салыстыра білу,зерттеу,қорытынды,тұжырым жасаудығы-машығын дамыту;
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру,білімді жүйелеу,шығармашылық жұмыс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену ,мәнерлеп оқу,сабақтастық,ой тастау т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,газет-журнал материалдары, кітаптары,слайд т.б
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2) Біздің ұстаным»Кімде –кім өзінің ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» М.Әуезов (хормен айту)
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жадыны жаңғырту: (сұрақ-жауап әдісі)
1. А. Бақтыгереева туралы не білесің?
2. Қандай шығармаларын білесің?
3. А. Бақтыгереева кім?
4. Ол апамыз елі үшін қандай игі істер атқаруда?
5. Газет-журнал басылымдарда ол кісі туралы жазылған мақалаларды оқыдың ба?
6. Теледидардан Ақұштап апаның қатысуымен болған хабарларды көрдің бе?
7.
Жаңа сабақ: Ақұштап «Ана махаббаты» өлеңі
1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2.Өлеңнің тақырыбын анықтау.
3.Өлең авторына, кейіпкеріне тоқталу. Ақын шығармасында ана бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту (Ақұштап туралы, ана туралы слайд)
Өлең мәтінімен жұмыс:
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өзіндік пікірлерін тыңдау.
Өлеңді талдау:
1. Өлеңге поэтикалык талдау
2. Өлеңнің негізгі стилі
3. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар
4. Өлеңде көтерілген мәселе
5. Ана бейнесін жоғары бағалау
Шығармашылық тапсырма:
1. Егер мен ақын болсам…
2.Ана туралы өз айтар ойың?
3. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (әр оқушы өзі таңдаған сұраққа жауап жазады)
Сабақтастық сәті:
«Мен таныған Ақұштап» (әр оқушы ақын өлеңдерінен үзінді оқиды)
Бекіту:
Жүйелеу кезеңі:
А) Жылы сөзі
Ананың тілі еркелетіп айтуы
Мейірімді сөйлеуі
Ә)
1. Дүниеде не қымбат?
2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
3. Ананың махаббаты қандай?
4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?
5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар?
6. Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?
Тостастыру:
Өз анамыз Жер-Ана
Су-Ана Ауа-Ана
Отан –Ана
5-жолды өлең:
1. Зат есім (бір сөз) -Ана
2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор
3. Етістік (үш сөз) –мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.
4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге түскен кезде
5. Түйін сөз (бес сөз) –Ана-ақылшың,асылың, сырласың,қамқоршың,
Қорытынды: Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп,асырап-бағып жеткізген ата-анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз,аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап,мәңгілік қамқор болып өтіңдер.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыра отырып, шағын шығарма жазып келу.
Жіберген: Султангереева Гулайым Орынгалиевна