Оғыздар мемлекеті слайд,презентация
Оғыздар мемлекеті слайд,презентация
Тарихта қандай да бір мемлекет болмасын міндетті түрде оның белгілі бір пайда болуы мен қалыптасу тарихы болатыны белгілі.Қазіргі Қазақстан аумағында ежелгі дәуірден бастап тайпалық одақтар мен мемлекеттік бірлестіктер болғандығы белгілі. Кез келген мемлекеттің құраушы азаматтары мен сол халықты құраушы этникалық бірлестік топтары болады. Біз қарастырып отырған Оғыз мемлекетінің де белгілі дәрежеде қалыптасу тарихы мен дамуымен қатар оғыз мемлекетін құраушы этникалық топтарда болды. Оғыз мемлекетін қарастырмас бұрын, алдымен сол Оғыз мемлекетінің қалай және не себепті пайда болғанын қарастырып көрсек. Ең алдымен, Оғыз қауымдастығының басты пайда болуы сол территориядағы қарлұқ,қимақ тайпаларының ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құлдырауға ұшырауы тарих сахнасында жаңа дамыған орта ғасырлық Оғыз мемлекетін өмірге әкелді. Оғыз этимологиясының пайда болуы турасында осы уақытқа дейін нақты пікір этнонимі «ұыз» сөзінен пайда болды десе, ал екінші біреулер садақтың оғы «оқ» сөзіне көпше мағына беретін «уз» жұрнағы қосылып, «оғыз» сөзінің түбі тотемдік «өгіз» деген сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.