Капитал еңбегі | Скачать Реферат
Тақырыбы: Марксизм және қазіргі уақыт
Орындаған: Әукенов Ә.Д.
Жоспар
I.Кіріспе
К.Маркстің биографиясы
II.Негізгі бөлім
Марксизм
1) Марксизм философиясы
2) Капитал еңбегі
III.Қорытынды
Қазіргі уақыттағы марксизм
Карл Маркс Генрих (нем. Karl Heinrich Marx; 1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19-шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономист, революционері, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Ф. Энгельспен бірге бірқатар еңбектер, алғашқы коммунистік ұйымдардың бағдарламалық құжаттарын жасаған. Маркс пен Энгельстәрбие мен білімді фундаментальді қоғамдық саяси проблема ретінде қараған. Халықаралық жұмысшылар ұйымдарының басты саяси талаптары катарында Маркс балалардың барлығының қоғамдық және тегін білім алуын қойды, балалар мен жасөепірімдердің еңбегіне, егер ол біліммен байланысты болмаса, заңды түрде тыйым салыну талабын құрастырды.
«Коммунистер одағы» халықар. ұйымына мүше болып, 1848 Энгельс екеуі осы ұйымның «Коммунистік партияның манифесі» атты бағдарламасын жазып шықты. 1848 ж. маусым — 1849 ж. мамыр айларында Кельн қаласында (Германия) Энгельс екеуі «Жаңа Рейн газетін» шығарды (М. бас редактор болды). Еуропадағы төңкерісшілдер талқандалған соң, 1849 ж. Парижге, кейіннен Лондонға көшіп барып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.
Маркс 1864 — 76 ж. 1-Интернационал халықар. ұйымының негізін қалап, жетекшілік етті. Лондонда тұрған жылдарында ол ғыл.-қоғамдық жұмыстарының барлығын дерлік Энгельстің материалдық көмегі арқасында жасады. 1867 ж. Маркстің ең басты еңбегі «Капиталдың» 1-томы жарыққа шықты. Бірақ ол бұл еңбегін аяқтай алмады. 2, 3-томдары Энгельстің, ал 4-томы К.Каутскийдің редакциялауымен жарияланды.
Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркскапиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихиматериализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды. М-тың идеялары 19 — 20 ғ-ларда қоғамдағы әлеум. өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізді.
Марксизм
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.
К.Маркстің экономикалық теориясы негізгі еңбегі Капиталда кеңінен баяндалған. Капитал төрт томнан тұрады. Капитал өндірісі үдерісі деп аталатын бірінші томда тікелей өндіріс үлесі, қосымша құн жасау үдерісі зерттеледі. Капиталдың айналым үдерісі деп аталатын екінші томда қосымша құнды жүзеге асыру қарастырылады. Үшінші том — Жалпы алғанда капиталистік өндіріс үдерісінде қосымша құнның әртүрлі капиталистер тобының арасында бөлінетіндігіне талдау жүргізілген. Төртінші том — — Қосымша құн теориясы ерекше орын алады, мұнда экономикалық теорияның дамуына сыни шолу жасалады.
Марксистік философия
Маркс Гегельдің философиясының Германиядағы кемсітуіне қарсы болды, ол өзін Гегельдің шәкірті деп санады. Гегельді сынауымен, оның идеалистік диалектикасын материалистік қайта дұрыстауының мәселесін талқылауға салды.
Өзінің алғашқы еңбектерінде Маркс бір жақта философияны айыптайды, ал келесі жағынан ол философияны шындыққа іске асыру керектігін көрсетеді.
Маркстің 11 тезисінде: Философтар тек әртүрлі бейнеде әлемді түсіндірген, бірақ негізінде әлемді өзгерту керек.
Диалектикалық материализм
Маркс пен Энгельс шын мәнінде өзінің оқуларын диалектикалық материализм деп атамаған. Олар қазіргі немесе жаңа материализм түсініктерін пайдаланған, себебі өзінің көзқарастарын француздық механикалық материализмнен өзгеше қылу үшін жасаған. Диалектикалық материализм терминін Георгий Валентинович Плеханов деген орыс марксисті енгізген, Ленин өзінің марксизм-ленинизм жүйесінің негізгі ресми атауын Плехановтан алған.
Диалектикалық материализмді марксистік философияның синонимі деп жиі қолданады. Диалектикалық материализмді Маркс таза философиялық деп есептемеген, ол бұны жалпы ғылымды зерттейтін әдіс деп, өзінің Капитал еңбегінде қолданған.
Марксизм философияның басты түсінігін диалектикалық процеспен байланыстырған, сандық өзгерістерді сапалыққа ауыстыру, қарама-қарсы түсініктердің бірлігі мен күресі заңдары осы процесте бар. Энгельстің Анти-Дюрингінде диалектика ойлау заңдарын қарастырылады деп, ал Табиғат диалектикасында диалектикалық заңдар шынында табиғаттың даму заңдарына жатады деп жазылған.
Марксистті тарих философиясы
Маркс Гегельдің тарихилық қағидасын ұстанып, соған сәйкес, адамзат тарихын бірізді заңдылықпен ауысып отыратын қоғамның кезекті типтері ретінде қарастырды. Басқаша айтқанда, тарих — бұл табиғи-тарихи үрдіс. Тұтас қоғамдық жүйені Маркс қоғамдық экономикалық формация деп атайды, олар тарихи даму жолында бірін-бірі алмастырып отырады. Осыдан Маркс нарықтық экономикаға негізделген капиталистік формацияны қоғамның ең соңғы жағдайы емес, басқа да тарих кезеңдері сияқты өтпелі, ауыспалы деп санады.
Материалды өндірісті Маркс қозғаушы күш деп санайды. Энгельс еңбек адамды жаратты деп санаған. Барлық белгілі формациялар, оның ішінде антагонистік те өздерінде қайшылық сақтайды, осы қайшылықты шешу үшін қоғам жоғары деңгейге өтуі керек. Формацияның ауысқаны өндіріс қарқынның даму деңгейімен анықталады, ал ол өндірістік қатынасқа өседі де, антагонистік конфликтке әкеледі, осыдан революция шығады.
Марксизм өкілдерінің ойы бойынша, коммунистик революция барлық антагонистік қайшылықтарды шешіп, адамды шеттетуден босатады(яғни жалдамалы құлдық, қанау және т.б.).
Капитал еңбегі
Маркс Капиталдың бірінші томында тауарды, яғни буржуазиялық қоғамның жасушасын талдаудан бастайды. Тауардың құны туралы сұрақтар туындағанда Маркс еңбек теориясына негізделеді. Расымен де, аталған концепцияның … жалғасы