Ресейде жас жігіт көшеде сүйіктісін пышақтап тастады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жантүршігерлік оқиға Ресейдің Пермь өңірі Яйва кентінде болған

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. 20 жастағы жігіт 17 жастағы сүйіктісін көшеде пышақтап тастады. Бұл туралы Пермь өңірі бойынша Тергеу комитеті тергеу басқармасының сайтында хабарланған.

Тергеу нұсқасына сүйенсек, жас жігіт жантүршігерлік қылмысты 26 ақпан күні кешке жасаған. Көшеде сүйіктісімен серуендеп келе жатқан ер адам кенеттен қызын соққының астына алады. Мұнымен қоймай, бірнеше жерден пышақ сұққан.

Readovka басылымының ақпаратынша, оқиға кезінде көшеде адамдар жүрген. Алайда олардың ешқайсысы көмекке ұмтылмапты.

Куәгерлердің айтуынша, олар ер адам қар үстінде баламен бірге ойнап жүр деп ойлаған. Қасына жақындаған кезде ғана қанды байқапты.

Белгілі болғандай, жігіт пен қыздың көңіл жарастырғанына бір жылдан асқан. Бірақ, соңғы уақытта екеуінің арасында ұрыс-керіс жиілеп кеткен. Жас жігіттің қылмысқа баруына да қызғаныш себеп болған көрінеді.

Тағы оқыңыз: Әйел жоғалып кеткен сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген

Тергеу басқармасының мәліметінше, 17 жастағы қыз ауруханаға барар жолда көз жұмған. Күдікті оқиға орнынан ізін жасыруға тырысқанымен, полициядан қашып құтыла алмады.

Құқық қорғау органдары Яйва кентінің тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар белгіленді, тергеу жалғасуда.



sputniknews.kz