Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені

0

Лексикалық тақырып: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі
Оқу іс — әрекетінің тақырыбы: Жабайы жануарлардың әр мезгілдегі тіршілік кезеңі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету. Қайда? сұрағына жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Бейнелік сурет бойынша әңгіме құруға үйрету. Ертегіні тыңдай білуге дағдыландыру.
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір — екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: жабайы жануарлары бейнеленген сурет, жабайы жануарлардың муляждары, үнтаспа, айна.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: аю, түлкі, қасқыр, тиін, қоян
Мотивациялық ынталандырушылық
Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Нұрланып күн тұрса
Күллі әлем жинайды.
Жер беті құлпырса
Бұлбұлдар сайрайды.
Тыныс алу жаттығуы
«Су астындағы сүңгігіштер»

Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тіл жаттығуы
«Сағат», «Түтікше», «Тәтті тосап», «Ат шауып келеді», «Саңырауқұлақ», «Жылан»
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз айларын атаңдар?
— Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?
Дыбыстық жаттығу.
Жаңбыр жауды тырс — тырс
Жел соғады у — у — у — у
Жапырақтар ұшады шу — шу — шу
Күркіреді күн — күн
Терезелер шың — шың
Жауды жаңбыр топ — топ
Шелек — шелек көп — көп
Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Өткен тақырып бойынша үй жануарларының дыбыстарын ажыратып, атауын айту.
Бүгінгі оқу іс — әрекетімізде жабайы жануарлар туралы әңгімелейтін боламыз. Жабайы жануарларға — піл, арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, қоян, жылан, кірпі, аю жатады. Жабайы жануарлар орманда тіршілік етеді. Олар өздерінен кішкентай аңдарды азық етіп жейді. Жабайы жануарлар терісінен адамдар етік, тон киімдерін тігіп киеді. Олар әрі жылы, әрі суық өткізбейді.

Логоритмика
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы — қырлы жерлермен
Ытқып — ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан тоңпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап!»
Шарты: суреттер арасынан жабайы жануарлардың суреттерін тауып, атауын атап, тақтаға іледі.

«Түлкі мен арыстан» ертегісі.
Ертегіні тыңдап, балалардан ертегілер кейіпкерлердің атауын атап, қимылын көрсету.

Жұмбақ шешу.
*Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.

*Қорбаң — қорбаң етеді, орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап, қыста ұйқыға кетеді

Ұсақ моторикасына жаттығу.
Жабайы жануарлардың суретін бояту
Қорытынды
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс айларын атаңдар?
— Қыс мезгілінде не жауады?
— Қардан не жасаймыз?
— Жабайы жануарларға нелер жатады?
— Аю нені жақсы көреді?
— Қоянның азығы не?
— Қоян қалай секіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Рахмет!…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!