Жігіт сұлтаны сценарий Қазақша

0

Жігіт сұлтаны сценарий

 Тәрбие сағатының тақырыбы:
Жігіттің сұлтаны кім?» саралаңыз
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы   келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқау шарты:
    «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі».  (Өзін таныстыру.)
    «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
    Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)
    «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)
Қойылатын талаптар:
    Ұлттық киім.
    Сахна мәдениеті.
    Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:    Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан
Қырандардың қосында. 

1-жүргізуші:    Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар
2-жүргізуші:     Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:    Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді
2-жүргізуші:    Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар:    Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық.    Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?
1.    Түйе – Ойсылқара
2.    Жылқы – Қамбар ата
3.    Қой – Шопан ата
4.    Ешкі – Шек-Шек ата
5.    Сиыр – Зеңгі баба

№2 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.
1.    Қаңтар                7.    Шілде
2.    Ақпан                8.    Тамыз
3.    Наурыз                9.    Қыркүйек
4.    Сәуір                         10.    Қазан
5.     Мамыр                     11.    Қараша
6.     Маусым                             12.   Желтоқсан 

№3 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы — құлын
2. Сиыр — бұзау
3. Қой – қозы
4. Ешкі – лақ
№4 асық.     Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық.     Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын
атап шық, біреуін   түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№6 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші:    Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)

2-жүргізуші:    Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші:    Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, —  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
1. Салмақ тасын көтеру.
2. Мойын арқан тартпақ.
3. Білек күшін сынау.
2-жүргізуші: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай  іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Ән орындалады)
1-жүргізуші:    Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауапберу)  

Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
№1 асық.    Үш ұғым туралы сұрақтар
1.    Үш  жүз:  Ұлы, Орта, Кіші
2.    Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3.    Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№2 асық.    Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,     немене.
№3 асық.  Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
Жүргізуші:     “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!