Ортопедиялық стоматологиядағы технологиялар слайд,презентация
Ортопедиялық стоматологиядағы технологиялар слайд,презентация
Өзінің жоғары және нақты дәлдігі, өнімділігі және әмбебаптылығының арқасында информациялы жаңа технологиялар медицинада, әсіресе стоматологияда, өз орнын тапқан болатын. Қазіргі таңда “Стоматологиялық информатика” және “компьютерлік стоматология” терминдері кеңінен таралған. Бүкіл әлемде автоматты жоспарлау жүйесін, яғни CAD (Computer-Aided Design) сөзі қолданылады, ал автоматты өңдіру жүйесінде – CAM (Computer-Aided Manufacturing) сөзі ретінде қолданылады. CAD компьютерлік технологиясын қолдана отырып түрліше объектілерді моделдеудің геометриялық аймағын анықтайды, ал CAM термині өңдіру технологиясында геометриялық есептерді шешу автоматизациясын білдіреді. Бұл аспаптың қозғалысының траекториясын өлшеу болып табылады.