Тіл-жұтқыншақ нерві слайд,презентация

0

Тіл-жұтқыншақ нерві слайд,презентация

 

 

Тілжұтқыншақ нервінің невралгиясы – көптеген тітіркендіргіш факторлардың әсерінен болады. Ең алғаш рет бұл ауруға 1920 жылы Сикар сипаттама берген. Бұл аурудың симптодары үшкіл нерв невралгиясына өте ұқсас болғанымен, үшкіл нерв невралгиясына қарағанда 100 есе жиі кездеседі. Бұл ауру 30-40 жастан кейін көріне бастайды. Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда 2 есе жиі кездеседі. Олар тіл түбіріндегі немесе бадамшалардың маңындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Бұл ауру сезімдері құлаққа, тамаққа, таңдайға, төменгі жақтың бұрыштарына таралады. Бұл кезде сілекей көп бөлінеді, бетінің қызаруы, жөтел, пульстің төмендеуі, бұлшықеетік әлсіздік, адам талып қалуы да мүмкін.Ауру сезімі әдетте пароксизмальды болады, 2 минутқа дейін созылады. Кейде науқастар ауру сезімін тудыратын орындарды өздері байқайды. Себебі ол орындарға жанасқан уақытта науқас-та ұстама басталуы мүмкін. Көбіне олаймақтар тіл түбірі мен бадамшаларда болуы мүмкін. 

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!