Урологиялық науқастарды зерттеп тексерудің әдістері слайд,презентация
Урологиялық науқастарды зерттеп тексерудің әдістері слайд,презентация
Науқасты жалпы қарағаннан кейін несеп жыныс мүшелерін қарауға кіріседі . Құрсақтың алдыңғы қабырғасында кейде бүйрек үлкеюі есебінен қабырға астында томпаю байқалады. Бүйрек ісінген кезде әсіресе оң жақтағы вена ісінгенін көруге болады. Белдің айналасында қан құйылғанда паранефрит кезінде бұлтиюдан болған ассиметрияныбел маңының толысқанын сондай ақ белдің қажалы тегістелгенін көруге болады. Несеп шығару актісіне зер салып қадағалаудың, ағыстың жуандығын, күшену шамасын анықтаудың диагносикада маңызы зор. Пальпация. Сипап көру науқастытексеруде өте маңызды. Аурудың сипатына қарай бүйрек , қуық , ұма мен оның ішіндегі , жыныс мүшесі, қуықалды безі ұрық қуықшалары пальпациялық тексеруге жатады. Бүйрек пальпациясы науқасты шалұасынан немесе қырынан түрегеп тұрғызып екі қолмен жасалады.