Үлкен интегралды микросхемалар слайд,презентация

0

Үлкен интегралды микросхемалар слайд,презентация

 

 

ЭСЛ технологиясы ТТЛ технологиясы сияқты биполярлы, яғни элементтері биполярлы құрылымдардан жасалады. ЭСЛ элементтерінің негізі «ток ауыстырғышы» деп аталады; 1-шығысында логикалық  НЕМЕСЕ-ЕМЕС,  ал 2-шығысында – НЕМЕСЕ логикалық функциясы бар. ЭСЛ схемаларының кіріс кедергісі төмен болғандықтан жылдамдықтары жоғары және активті режимде жұмыс істейді, кіріске түскен бөгеттер күшейеді. Бөгеуіл төзімділігін жоғарылату үшін коллекторлы қорек көзінің шинасын жуан жасайды және жалпы шинамен байланыстырады. ТТЛ схемаларымен салыстырғанда ЭСЛ схемалары жоғары жылдамдықта, бірақ бөгеуіл төзімділіктері төмен. ЭСЛ схемалары кристалда көп орын алады, көп қуат қолданып шығыс транзисторы ашылып үлкен ток жүреді. Осы технология бойынша жасалған схемалар оң кернеулі қорек көзін пайдаланатын басқа технология схемаларымен өзара байланыспайды.

 

  

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!