Үшінші Алтын адам слайд,презентация

0

Үшінші Алтын адам слайд,презентация

 

 

Қазақстан  президенті   Нұрсұлтан  Назарбаев «Мәдени  мұра»  мемлекеттік   бағдарламасын жүзеге  асыру   жөніндегі   қоғамдық   кеңес мүшелерімен   кездесуінде Қазақстаннан табылған үшінші  «алтын  адамға» кең   көлемде зерттеу жүргізуді тапсырды. Осы мақсатқа және «алтын адамның» Астанада өткізілетін тұсаукесеріне мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінетін болды. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, бүгінгі таңда қазақ жерінен сақ, үйсін мәдениетінің 200-ге тарта ескерткіштері табылған. Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығындағы сол ескерткіштердің біріне жататын биіктігі 8 метр, диаметрі 97 метр  қорғанды қазу барысында қабырханада жерленген адам табылған. Қорған үш қабаттан тұрады, бірінші қабаты топырақ үйінді, оның ішінде тас үйіндіден тұратын оба бар. Оның биіктігі 4, ал диаметрі 22 метр. Осы тас үйіндінің ішінде қима ағаштан жасалған қабырхана бар. Ол жердің бетіне орналасқан. Қабырхананың ішкі еденінің аумағы — 33,6 шаршы метр. Осы үлкен қабырханада жалғыз адам жерленген екен. Сол заманда қабырхананың тоналғандығы анықталды. 

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!