30 тамыз конституция күні тәрбие сағаты(Конституция-кемелдік кепілі) — Тәрбие сағаты — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
30 тамыз конституция күні тәрбие сағаты(Конституция-кемелдік кепілі)
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Дария орта мектебі
Қолдасбаев Болат Амантайұлы
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Конституция-кемелдік кепілі»
Мақсаты:
Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу.
Қосымша материалдардан мысалдар келтіре отырып,өз ойларын айтқызу.
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу.
Әдістері:Ой қозғау, ауызша журнал.
Көрнекіліктері:Слайд, сызба, жазулар.
Барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
1.Ұйымдастыру.
2. ҚР әнұран айтқызу.
3.Тілек айту.
Мұғалім:Балалар,сендер бүгінгі ашық тәрбие сағатында ібр-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы Егеменді тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
Мұғалім:Демократиялық мемлекет қандай болу керек? Осы жөнінде ой өрбітсек.
1.Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген тарихи күнді ата.
1- оқушы:1992 жыл 4 маусым.
2.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің авторлары
2- оқушы:Тудың авторы- Шәкен Оңласнұлы Ниязбеков.
Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов.
Мемлекеттік рәміздері қастерлеу- әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Президент жарлығы бойынша оларды ұдайы нассихаттау, азаматтар бойында Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
2- оқушы. Конституция.
Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет- ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң ретінде көрініс тауып келеді. Қазіргі ұғымдағы Ата заң алғаш рет 1787 жылы АҚШ-та дүниеге келді.
Қазақстан Республиканың Конституцияның- бұл еліміздің басты саяси- құқықтық құжаты.
4.ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
4- оқушысы:1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.
ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы,елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
4.Конституция туралы толық мағұлмат беру.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып,біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді.Гуманизм,әділеттілік,өзара қарым-қатынас принциптерін белгіледі.
ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.
Қазақстан халықтары Ассамблиясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді.Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарын отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдауын (30 тамыз) еліміздің негізгі Ата Заңы Коснтитуция мемлекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртылығын қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашық бір мерейлі мәжілісіне де жетті.
Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
1- бөлім: Жалпы ережелер;
2- бөлім: Адам және адамзат;
3- бөлім:Президент;
4- бөлім:Парламент;
5- бөлім:Үкімет;
6- бөлім:Конституциялық кеңес;
7- бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8- бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9- бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Енді, балалар, Конституция ережелері мен баптары туралы өз ойларынды ортаға салындар.
Анар:
1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.
Сабина:
2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы қамтамасыз етілген.
Назым:
3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.
«Тіл туралы диалог» (Мұқағали ізімен)Анар,Мұхаммет
Аружан:
10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
Зарина:
12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.
Аңсаған:
14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Айбота:
15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.
19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.
Толағай:
20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.
21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. (Оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарын көрсету)
Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар.Тынығуға құқығы бар. (Жазғы сауықтыру лагері туралы айтып кету)
Әлішер.
Тұрғын үйге қол сұғылмайды. ҚР-азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Мадина.
27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.
Жарас:
29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Сапарбек:
35-бап. Заңды түрде белгіленген салықтарды , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.
36-бап. ҚР-ын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.
Мұхаммет.
37-бап. ҚР-ның азаматтары тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
БИ «Қара жорға»
Қазақстан Республикасы Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасының өзгерістеп мен қосымшалар туралы Заңға байланысты №284-І 1998ж 710;
№254-ІІ 2007 21 мамырда қосымшалар енгізілді.
Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралоық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған (Балалар құқығы туралы конвенцияға) сәйкестіріп жасалған.
2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды, сөйтіп Қазақстанның балалар құқығы туралы Заңы енгізілді.
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан:
• Мемлекет әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
• Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
• Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
• Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
1. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
• Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
• Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
• Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
• Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
ХОР. «Үш бақытым»