ОТ ПЕН ЖАРЫҚ ЖАЙЛЫ ЖҰМБАҚТАР — Жұмбақтар мен жаңылтпаштар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Күндiз жанбайды,

Түнде маздайды.   (Шырағдан)

 

Шеңбердiң үш тағанын,

Қаракөлдiң табанын.

Қызыл сиыр жалап тұр,

Терлеп, буы тарап
тұр.   (Қазан; Жалын)

 

Қып-қызыл кезiнде,

Бет қаритын жапырақ,

Табы қайтқан кезiнде,

Сұп-сұр майда
топырақ.   (Шоқ пен Күл)

 

Жүрген жерiн жалмайды,

Тастан басқа
қалмайды.   (От)

 

Жердiң әрiн жейдi,

Жолда кезiккеннiң,

Аямай бәрiн жейдi.

Бұл қандай алпауыт?

Айта ғой, дәл
тауып?   (Өрт)

 

Түсi нарттай,

Тiлiн тартпай.

Жолға шықса,

Қоймайды құртпай.   (От)

 

Қимылы оңдырмас,

Кiшкене қоңырбас.   (Сiрiңке)

 

Құйтымдай сандықтың,

Суырмасы толып тұр,

Қажеттi заты сан
жұрттың.   (Сiрiңке)

 

Салып ем шыны сарайды,

Тiлiнен жарық
тарайды.   (Шам)

 

Өңкешi кең,

Дәу аузымен жұтады.

Төбесi дөң,

Кiшi аузымен
құртады.  (Пеш)

 

Шудалары желпеңдеп,

Үйден шығып жатады,

Көкке өрлейдi көлбендеп,

Бұлт болып батады.   (Түтiн)

 

Үй үстiнен

Көкке өрлеп шығады,

Әуе iшiнен,

Iз-тұз жоқ боп
тынады.   (Түтiн)

 

Қабырғаға қасынар,

Былғауыш басы бар.   (Сiрiңке)

 

Құрама темiр,

Қолқабысы көп –

Ғұлама темiр.   (Робот)

 

Қызық iшек

Дөңгелек сайда жатыр.

Ақ шәйнек,

Бұрқылдап қайнап
жатыр.   (Электр қыздырғышы)

 

Әуеде

Дәу қарынды үрдiм де,

Аузын байлап бүрдiм де,

Төмен қарай сүйредiм,

Ауада еркiн
биледiм.    (Парашют)

 

Құмды жиған –

Тұмсығы диван.   (Экскаватор)

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!