Елін сүйген Елбасы тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар
Елін сүйген Елбасы
(тәрбие сағаты)
Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, слайд
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
Балалар сендердің кеуделеріңдегі эмблемада тұрған ненің суреті? Күннің суреті және жүректің суреті.
Айым: бейнеленген күннің суреті- татулық пен шаттықты аспанымыздың ашық екенін білдіреді
Жансия: жүрек суреті- жүрегіміз кең,жарқын екенін білдіреді.
Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
-Балалар , Н.Ә.Назарбаев кім?
Президентіміз, Елбасымыз
Аружан: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Осы біздің президентіміздің балалық шағын,өмір жолын кім бізге айтып береді?
Думан: Н.Назарбаевтың дүниеге келуін мәнерлеп оқиды
Айым : Балалық шағын мәнерлеп оқиды
Нұралы: Жасөспірім шағын мәнерлеп оқиды
Енді Елбасымыз туралы видео слайдқа назар аударайық:
Осы біздің президентімізге арнаған тақпақтарың бар ма,балалар?
Жансия
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Аружан
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Сәулет:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Мұғалім: Мен де сендермен бірге Елбасымызға арнаған тақпағымды айтайын:
Кең байтақ қой –Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы,
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем
Бұның бәрі -Елбасының арқасы
— дегім келеді
Балалар,енді президент күніне арнап ,сендерге ертегі айтып берейін:
Тыңдағыларың келе ме? –ия
Ерте-ерте ертеде бір қыран құс өмір сүріпті.Қыран құс құстардың ішіндегі ең ақылды,ең байсалды құс болыпты.Бір күні қыран құс құстарға басқа жаққа барып,мекен ететінін айтыпты. Қыран құсқа қайжаққа барасын десе: бау бақшасы бар, ынтымағы жарасқан аспаны ашық елде тұрамын депті.Сол қандай ел екені сандықта жасырыныпты. Оны уазірлер күзетіп тұрады екен.
Ол қандай ел екенін білгілерің келе ме?- балалар. –Ия
Оны білуіміз үшін 3 сұраққа жауап беруіміз керек
Осы 3 сұраққа жауап берсек сандығымыз ашылып,ішінен жібек шашылып,ынтымағы жарасқан тату-тәтті ел қандай ел екенін білеміз.
1-ші қазақтың ұлттық биі қандай?-Кім айтады? –Қара жорға.Дұрыс па, уазірлер? -Ия
Ендеше, «Қара жорға»биін тамашалайық
Нұралы,Айым,Айдос,Жансая,Жансия,Диас билейді
2-ші сұрақ : Қазақтың мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және авторлары кімдер?
Айым: елтаңба,әнұран,ту
Нұрислам, :ту,.
3-ші сұрақ: Қазақстан Республикасы деген сөзге талдау жасаймыз.Осы сұрақты тапсақ сандықта қандай ел жасырынғанын білеміз:Қ-дауыссыз,а-дауысты,з-дауыссыз,а-дауысты,қ-дауыссыз,с-дауыссыз,т-дауыссыз,а-дауысты,н-дауыссыз.Р-дауыссыз,е-дауысты,с-дауыссыз,п-дауыссыз,у-дауысты,б-дауыссыз,л-дауыссыз,и-дауысты,к-дауыссыз,а-дауысты.
Дұрыс айтты ма уазірлер? –Ия
Сандық ашылып ішінен Қазақстан Республикасы деген сөз шығады.Бұл біздің отанымыз Қазақстан екен.Қазақстанымыз гүлдене берсін,көркейе берсін деген тілекпен «Жаяу жүре білсең» әніне би.Қабыл алыңыздар. Думан,Нұралы,Ерасыл,Айым, Сәулет
«Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбында эссе,көркем жазу
Қатысатын оқушылар: Жансая, Айым, Сәулет,Жансия
Мұғалім: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін,ел тірлігін тілеген
Ақ ниетті халық деген данам бар-дей келіп, «Елін сүйген -Елбасы»атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп, белсене қатысқан оқушыларға Мақтау қағаздары тапсырылады