Шымкент қаласының экологиясы слайд,презентация

0

Шымкент қаласының экологиясы слайд,презентация

 

 

Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының  орталығы. Тұрғыны шамамен 683 273 адам (2014 жыл) Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында (Алматы  мен Астанадан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары «Фосфор» ШӨБ- не жақын жатқан 46 гектар бау- бақша құрғап кеткен. Ағаш жапырақтардың құрамында фосфор мөлшерінің көптігінен жібек  құрты олармен қоректене алмайды. Сонымен қатар жайылымдық жерлер де қатты ластанған. Мұндағы мал жаңбыр жаумаса амалсыз фосфорлы шөпті жейді. Ал бұл Уланған және  сапасыз еттің пайда болуына әкеліп, халықтың денсаулығына кері әсер етіп отыр. Шымкент Қорғасын зауытының аумағы мен оның өндіріс қалдықтары ластанудың негізгі көзі болып отыр. Қорғасын зауыты атмосфераға жыл сайын ластандырушы ауыр заттарды  1660 т. Қорғасын  677,7 т.күкіртті ангидрит  18 мың т. Көмірқышқыл 21 000 т. және табиғатты ластандырушы заттардан 0.47 т.шығарады. Зауыттан 1.5 қашықтықта топырақ жамылғысын зерттеу барысында кадмий мөлшері 40 есе көп болғаны анықталды. Өндірістің өте қауіпті қалдығы- кальций  арсенаты болып табылады. Улылығы жағынан бұл адам ағзасының жасушасын зақымдайды.

 

  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!