Шымкент мұнай өңдеу зауыты слайд,презентация
Шымкент мұнай өңдеу зауыты слайд,презентация
Компанияның сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Шығыс филиалының құбыр өткізгіш жүйесін пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай ПҚОП, Шымкент мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент мұнай өңдеу зауытында компания жылына 2 млн тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді де, содан кейін мұнайды қайта өңдеудің бензин, дизельдік отын, отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық газойль және сұйылтылған көмірсутекті газ (СКСГ) сияқты өнімдерін сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай өңдеу зауытынан ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарға 4 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері тиеп жөнелтіледі. СКСГ мұнай өңдеу зауытынан және «Ақшабұлақ» кен орнынан Орталық Азия, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізіледі. Мұнай өнімдері маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық, атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Астана қалалары болып табылады, бұл мұнай өнімдерін жалпы сатып өткізу көлемінің 70%-ын құрайды. Компанияға меншікті және жалға алынған парктің 2240 дана вагон-цистерна тиесілі.