Жұмабек Тәшенев | өмірбаяны
Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасында). Содан 1928‑1933 жылдары жергілікті Шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933‑1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. Өмірбаяның қысқаша айтсақ, 1934‑1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнеткор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939‑1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947‑1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948‑1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж. Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды.
Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, ұзақты бес ай жұмыссыз отырғызып, кейін Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне қитұрқы саясаттың кесірінен әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшенев алпыс жасқа жеткеннің күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке босатылып жіберілген. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен наградталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті.