Жоржи Амаду | өмірбаяны
Жоржи Амаду (1912-2001), бразилия жазушысы, публицист, қоғам қайраткері, Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты (1951).
Шығармалары:
- «Карнавалдар елі» (1931)
- «Какао» (1933)
- «Тер» (1934)
- «Шексіз жер» (1943)
- «Ильус қаласы» (1944)
- «Қызыл көктеу»(1946)
- «Тас қамал» (1952)
- «Габриэла» (1961)
- «Адасқан қыздың оралуы» (1977)
- «Әскери киім, академиялық күрте, ішкөйлек» (1979) романдары
- көптеген повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрді.
Әуезов Амадумен Дүниежүзілік бейбітшілік қорғау комитетінің мәжілістерінде талай жүздесіп, әңгімелескен, сұхбаттасып, оның өмірі мен шығармашылық жолына көңіл аударған. Ұлы жазушының мүрағатында сақталған блокноттарындағы жазбаларға қарағанда, Амадудың кейбір туындыларын оқып-танысқан. «Жыл келгендөй жаңалық сеземіз» деген мақаласында жас талапкерлерге көпсөзділікке бой алдырмау туралы айта келіп, «көпсөзділікке терең ой қосылса, нұр үстіне нүр» болатынын ескертеді де, осындай ұзағырақ жазатын қаламгерлердің қатарына Амадуды қосады.