Жеменей Ислам | өмірбаяны

0

Жеменей Ислам Ақмұратұлы (01.09.1952 ж.т. Иран Ислам Республикасы, Горган қаласы) – шығыстанушы ғалым, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Ежелгі және ортағасырлық әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ақылдастар алқасының мүшесі, Pen клуб мүшесі, тағы басқа қоғамдық ұйымдарының мүшесі, ҚР мәдениет қайреткері. 1929-1933 жылдары Кеңес өкіметі қысымы салдарынан Иран жеріне қоныс аударған маңғыстаулық қажы Ақмұраттың перзенті, экономика магистрі, педагог-әдебиетші. Иран әдебиеті мамандығы бойынша Горгандағы орта оқу орнын (1970), Теһрандағы Иран ұлттық университетінің педагогика ғылымдары факультетін психология мамандығы бойынша (1980), Түркиядағы Стамбул университетінің экономика факультетінің магистратурасын (1989) бітірген. Қазақстан республикасында филология ғылымдарының кандидаты(1999) және филология ғылымдарының докторы (2007)ғылыми атағын диссертация қорғап алған. Иранның Горган, Бәндәр-Түрікмен, Мешһед, Теһран, Тәбриз қаларының оқуорындарында 15 жыл әдебиет, философия, қоғамтану, логика, психология пәндерінен сабақ берді. 1990-93 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМҰҮ шығыстану факультетінде парсы тілінің оқытушысы, Түркияның «Заман қоғамының» Қазақстандағы өкілі, «Заман-Қазақстан» газетінің редакторының орынбасары, «Парасат» журналының редакторы, Иран-Қазақстан бірлескен компаниясының директоры болды. 1996 ж. қыркүйектен Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің доценті және этнография институтының ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы университеті, шығыс кафедрасының доценті болып қызмет істеді. 2000 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері, 2007 жылдан бастап ТарМУ-дың Дулаттану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, директоры, профессоры. Сондай-ақ 2005 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісімен марапатталды