Түркістан облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

0

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметіне келді.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мемлекет басшысының бұйрығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, — делінген ҚР Президентінің ресми сайтында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы 8-шілдеде бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

филология ғылымының кандидаты, профессор.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.

1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы.

1999-2006 жылдары – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.

2007-2010 жылдары Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылғы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Өткен жылы 20 маусымда қайта құрылған Түркістан облысына әкім болып тағайындалды

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz