Сейдаxмет «Левскиге» жалға берілді

0

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет болгариялық «Левски» клубына сапына қосылды, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

— Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдаxмет «Левскиге» ауысты. Шабуылшы «көктер» сапында осы маусымның соңына дейін жалда ойнайды, — делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Қазақтың «Мессиі» аталмыш клубпен бірге алға қойған мақсаттары көп екенін жеткізді.

— «Левски» сапына ауысқаныма қуаныштымын. Болгарияның ең танымал клубы, бұл жерде көп атақты футболшылар ойнағанын білемін. Мен осы жерде екеніме ризамын. 

Шабуылшы ретінде ойнаймын, қапталда да ойнай аламын. Бапкер не дейді сонда өнер көрсетемін, тіпті, қорғаушы бол десе де. Жаттықтырушымен кездестім, бәрі де жақсы. 

Көп гол соғып, «Левскидің» жанкүйерлерін қуантқым келеді. Ең басты мақсат — чемпиондық титул», — дейді Сейдахмет. 



Дереккөз: prosports.kz/kz