атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл Григориан күнтізбесінде 318-ші күн. Жыл соңына дейін 49 күн бар.
14 қарашада не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
14 қарашада қандай қызықты оқиға болды
14 қарашада Бүкіләлемдік диабеткке қарсы күрес күні аталып өтеді. Мереке инсулинді алғаш ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бартингтің туған күніне орайластырылған. Бартинг болмағанда, қант диабетіне шалдыққан адамдарға өмір сүру одан да қиынырақ болар ма еді. Өкінішке қарай, профилактикалық шараларға қарамастан дәрігерлердің жұмысы жылданн жылға азаяр емес. Негізі, диабеттің екі түрі кездеседі. Ал инсулин тек ең ауыр түріне ғана қажет. Екінші формасы анағұрлым жеңілірек. Диабеттің екінші түрімен ауыратын науқастарға спецификалық диета тағайындалады.
Бұдан бөлек, бүгін Халықаралық логопед, Әлеуметтанушы және Эндокринолог күні.
Сондай-ақ, бүгін – Сынған шамдар мерекесі. Мерекенің атауынан шошып қалмаңыз, бұл датаның вандализммен түк те байланысы жоқ. Тереңірек үңіліп қарасақ, бұл романтикалық мереке. Біз сізді көшеге шығып, біреудің мүлкін қират деп үгіттеуден аулақпыз. Ең дұрысы – түн қараңғысында өз ойыңызбен оңаша қалып, жалғыз аяқ жолмен серуендеген кезде жарықтың қаншалықты маңызды екенін ұғыну. Кеш батқанда жалғыз аяқ жол мен саябақтар аздап қауіпті әрі жұмбақ болып көрінуі мүмкін. Бұл мерекені естіген кезде, ойыңызға бірден Ресейдің «Улицы разбитых фонарей» телехикаясы түсетіні анық. Сондықтан мерекені атап өткенде, арам пиғылды адамдар барын естен шығармаған абзал.
14 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1896 жылы Ниагара сарқырамасында су электр санциясы іске қосылды;
1908 жылы белгілі физик-теоретик А.Эйнштейн жарықтың кванттық теориясын жариялады;
1936 жылы КСРО-да Гидрометеорологиялық қызметтің негізі қаланды;
1994 жылы Ла-Манш астындағы туннель арқылы Париж бен Лондон арасында қозғалыс ашылды.
14 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1999 жылы «Хабар» телеарнасында жаңалықтар алғаш рет ағылшын тілінде беріле бастады;
2006 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада АҚШ елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысты;
2007 жылы Қостанайда әр уақытта жергілікті соғыстарда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Монумент облыс орталығындағы Жеңіс даңғылында орнатылды;
2012 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ пен Кедендік одақты құруға қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды;
14 қарашада әлемде туған танымал тұлғалар
1719 жылы австриялық скрипкашы, педагог және композитор, Вольфганг Амадей Моцарттың әкесі Леопольд Моцарт дүниеге келді;
1840 жылы француз суретшісі, импрессионизмнің негізін қалағандардың бірі Клод Моне өмірге келді;
1953 жылы кеңестік және ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Игорь Бобрин туды. Еуропа чемпионы (1981). КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981). Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2002);
1954 жылы АҚШ-тың 66-шы мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс дүниеге келді;
1959 жылы ресейлік журналист, тележүргізуші, продюсер, режиссер, әнші, музыкант әрі актер Дмитрий Дибров өмірге келді;
14 қарашада Қазақстанда кімдер туды
1894 жылы домбырашы, Қазақстанның халық әртісі Лұқпан Мұхитов дүниеге келді;
1929 жылы этнограф, тарих ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Мұқанов өмірге келді;
1943 жылы ақын, прозаик, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мәлік Мұқанов туды;
1947 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, экс-сенатор Қуаныш Айтаханов дүниеге келді;
1950 жылы жазушы Тұрысбек Сәукетай өмірге келді;
1975 жылы қазақстандық ғалым, Халықаралық инженер академиясының академигі, Қазақстан ұлттық инженер академиясының академигі Руслан Жұмағұлов туды.
Ай күнтізбесі
Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Айналаңыздағы адамдардың іс-әрекеті мен күмәнді шараларға мән бермеңіз, тек алға қойған мақсатқа жетудің қамын ойлаңыз. Бар күш-жігеріңізді салып, тынбай еңбек етсеңіз, сәттілік те серігіңіз болады. Тынымсыз еңбектің арқасында ең табысты жанға айналасыз.