Бұл дағдарыс көп балалы аналардың ғана проблемасы емес

0

Бұл дағдарысты билік көп балалы аналардың ғана проблемасы ретінде көрсетуге тырысатын сияқты.

Бұл — көп балалы отбасылардың емес, елдегі жалпы кедейлік пен жоқшылық асқынғаннан, шегінерге жер қалмағаннан туған проблема. Яғни, жоқшылық алдымен баласы көп, баспанасыз жұртқа батты. Үйдегі көп ауыз шырылдаған кезде ана байқұс билікке басып кірді. «Әйел — ерге, ер — жерге қараған» заман туды. Мұнай қымбат кезде тұрақты жұмыс орындары ашылмады, шағын кәсіпкерлік дамымады. Ондаған жыл кедей жұрт сол баяғыша таксовать етіп, күзетші боп, ал билікке жақындар крузак алып, котедж салып жүре берді.

Бүгінде зіңгіттей азаматтардың тапқаны — қаптаған бала-шағаны бағуға жетпеді, әйел енді не істемек? Бір қоғамда тек қана баласы көп жұрт қана кедей болып, өзгесі тоқ болуы мүмкін де емес.

Демек, биліктің кедейлер ішінен кедейірек, шулағыш топты жекелеп бөліп алып, проблеманы шешем деуі — уақытша тәсіл.

Қасым Аманжолдың facebook парақшасынан

Abai.kz

Abai.kz