БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды
Қазіргі таңда 28 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.
Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.
«Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істегенін растады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz