Қазақша реферат: Жеміс ағаштарын күту |

0






Жеміс ағаштары жасы ұлғайған сайын сидамдарының беті өлген ұлпалардан тұратын кедір-бұдыр қабықпен жабылады. Осы жерден жарылып, оған зиянкестер мен ауру қоздырушылар жиналады. Ағаштар сидамын зақым келтірмей сақтау үшін оларды жыл сайын қырғыштармен, металл щеткалармен астына кенеп төсеп тазарту қажет. Бұл жұмысты ылғалды күндері (күзде) жасаған дұрыс. Сидамды ескі қабықтан тазарту кезінде аса сақ болған жөн. Әйтпесе жас қабық пен сүрек зақымдануы мүмкін. Барлық шыққан қоқыстарды сыртқа шығарып өртеу керек, себебі олардың арасында неше түрлі зиянкестер болады. Жеміс ағаштарының қаңқа бұтақтарының камбийі мен қабығының күннің күйдіруінен зақымдануы өте қауіпті. Мұндай зақымдану климаты континенталды аудандарда байқалады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарындағы жеміс бақтарына үлкен қауіп төндіреді.

Жаздыгүнгі күн күйдіруінен, қыстыгүнгі және ерте коктемгі күн күйдірудің айырмашылығы, ол күн сәулесінің тікелей түсуінен болмайды, керісінше бір тәулік ішіндегі ауа температурасының күрт өзгеруінен күйеді. Сөйтіп, камбий екінші шынығу дөуірін жоғалтып өледі. Басқа тұқымдардан гөрі күн күйдіруінен алма, алхоры, тәтті шие зиянды көп шегеді. Күн сәулесін сейілту, сөйтіп қабық жасушасы температурасының қарама-қайшылығын күндіз жене түнде азайту үшін сидамдар мен негізгі қаңқа бүтақтарды әкпен әктеу және сиыр тезегі араласқан лай жағу керек. Жаңа сөндірілген әктің 20% -дық ерітіндісіне дезинфекциялық зат ретінде 3%-дың мыс тотияйынын жөне шайылып кетуден саңтау үшін және жақсы ұстау үшін жабысқақ заттарды (казеинді немесе декстринді желімнің 1 литрін бір шелек ңоспаға салып) араластырып, күзде өктейді. Әктелер алдында жеміс салып тұрған ағаштардың сидамдары және бұтақтар қосылған ашалары ескі олген қабықтарынан тазартылады. Сидамдар мен негізгі қаңқа бұтақтар біркелкі етіп өктеледі. Ағаштарды қысқы-күзгі күн күйдіруінен ңорғау үшін сулы эмульсиялың ВС-511 бояуынан тиімдісі жоқ, өйткені ол ағаштан екі жыл бойы шайыл-майды.













.

Жеміс салып түрған ағаштардың діңі мен қаңңа бүтаңтары жиі жарақаттанады, өсіресе ірі бүтақтарды кескенде және сидамдарын дүрыс күтпегенде зақымда-нады. Сондай-аң, бақ топырагын өңдегенде, өңдеуші қүрал-саймандар зақымдаганда да ағаш жараңаттанады. Ондай жараңаттарды дер кезінде емдеп, пайда болган кеуектерді бітеу керек. Ол үшін кеуек мүқият тазарты-лып, ішкі қабырғалары мыс тотияйынының 5 пайыздық немесе темір тотияйынының 10 пайыздық ерітіндісімен дезинфекцияланады. Содан соң кеуек ңиыршық және үсақ таспен, ңүммен, кірпіш сыныңтарымен толтыры-лып, цементтеледі. Цементтеу үшін тиісінше қүм, сөндірілген әк жөне цемент 6:1:2 қатынаста алынады. Цементтелген бетіне немесе оның шеттеріне майлы бояу мен цементтің ңүмсыз массасын жағу керек.





.

Көктемгі үсік жеміс бағы үшін қауіпті. Жеміс дақылдарының өніміне климаты күрт континенталды Алматы, Жамбыл облыстарында өте зиян келтіретін себептердің бірі — көктемнің соңында болатын үсік. Көктемгі үсік гүл қауызын, гүлді және жас түйіндерді жиі және қатты зақымдайды. Ол өнімді айтарлықтай дөрежеде жоғалтуға, кейде тіпті өнімнің толық жойылуына өкеліп соңтырады. Сүйекті дақылдар шекілдеуіктілерге қарағанда тым ерте гүлдейді, сондықтан да көктемгі үсіктен шекілдеуіктілерге қарағанда көп зардап шегеді. Оның үстіне бұл тұқымдарда ең алдымен гүл бүршіктері ашылады, содан соң ғана өсіп-даму кезеңі басталады. Бұл гүлді үсіктен өздігінен қорғануын темендетеді. Үсікке қарсы жүргізілетін күресу: ескерту шаралары жөне белсенді күрес деп бөлінеді. Ескерту шараларына бақ үшін орынды дұрыс таңдау, топырақ дайындау, төзімді тұқымдар мен сорттар сұрыптау, жеміс өсімдіктерін жиі отырғызу, баққа ық болатын желден қорғау алқабын жасау, агротехникалық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізу жатады. Бұл шаралар бақты жобалау және отырғызу кезінде қолданылады.

Белсенді күреске бақты суару, түтіндету, гүлдеу кезеңін кейін жылжыту, физиологиялық белсенді заттар шашу жатады. Көктемгі үсікке қарсы күрестің ең кең тараған түрі — түтіндету. Түтіндету үшін түрлі жанатын материалдарды және түтін табақшаларын пайдаланады. Түтін пердесі топырақта жылудың бөлінуіне кедергі жасайды, соның нәтижесінде суықтың беті қайтады. Түтіндету ауаның температурасы 1° градусқа төмендегенде басталып, күн шығар уақытта күшейтіледі. Сөйтіп, 1,5-2 сағат бойы созылады. Түтіндету үшін күзді күні дайындалған органикалың материалдар — шіріген сабан, бүтақ, шөпшек, қурай, жапыраң, ағаш үгіндісі жағылады. Өйткені олардың түтіні қою болады. Бақтың әрбір гектарына жел жағынан бірдей етіп 80-100 үйінді үйіледі. Әрбір үйіндінің астыңғы жағына тез жанатын материал салынады. Олардың үстіне аздап топырақ салынады. Ірі бақ шаруашылықтарында әр гектарға 20-30 данадан «Урожай» типті түтін табақшасы қолданылады. Бақты үсіктен саңтау тиімділігі тұмандатқыш ңондырғылар, АГ-УД-2 аәрозоль генераторын қолданып тұмандатса да арта түседі.