Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

0

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін — Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

27-ақпан күні Каирдің ортасында орналасқан Рамсис бекетінде поезд өртеніп, нәтижесінде жиырма шақты адам қаза тауып, жиырмадан астамы жапа шекті. Локомотивтің апатқа ұшырауына тепловозды жүргізген екі машинистің сөзге келіп қалулары себеп болған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz