САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР | Скачать Материал

0






Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге

Таңдаулыға:   




САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР
Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз.
Қандай көсем, дана болсын балалық балғын шағынан бастап осы жоғары атаққа ие болар жолда өмірдің сан алуан соқтықпалы сүртеулерінен өтетіндігі белгілі.
Қазақ халқы алты жасар баланы ақылы асса аға қой деп үлкен-кіші, ұл-қыз деп бөлмей, ақыл аясы, ой-өрісіне қарай үй баласы, ел баласы деп екіге жіктеген. Мақалға құлақ ассақ: бір бала атаға жете туады, бір бала атадан өта туады, бір бала кейін кете туады деп үшке де бөледі. Ежелгі саяси ой-пікірімізде қалыптасқан бұл ұғым қазіргі жағдайға бейімдеек, адам атаулының мінез-құлқы, өмір қалпы, көзқарасына қарай оны бес түрге бөліп қарауға болады:
— алпыста ақылы толмаған, жеке басын, болса от басын асырай алмаған, өзі білмеген, білгеннің тілін алмаған адамды — әйтеуір бойында жаны бар тірі адам дейміз;
— қара басы мен отауының қамын жеген, бірге туғанын білетін, олардан алғанды жақсы көретін, өзім дегенде өгіз қара күші бар адамды — бір адам дейміз;
— ағайын қамын ойлаған, төрт жұртын теңдей ұстаған, ағайын ағарып алдыма шықпаса, қарайып артымда қалмаса дейтін адамды — ірі адам дейміз;
— халқым дегенде қара басын ұмытқан, аларынан берері көп, түбі бірге түртпейді деп өзге ұлтты да туысым деп жүретін, отбасына жәйлі, ел-жұртына сыйлы адамды — жақсы адам дейміз;
— жоғарыда аталғандарға сыймаған, барша адамзат бақытын ойлаған, даналығымен тіршілік тынысын кеңітіп, өркениетімізді өрге тартар жаны жайсаң адамды дара адам дейміз.
Жоғарыда келтірілген жіктерге жататындардың әрқайсысының өзіне тән мінез-құлық, дүние таным, түсінік-түйсігі, ортаға деген көзқарасы, түрлі тұжырымы болады. Бозбала бейнесіне бек ұқсас, төменгі қабат өкілдері өзін өзгелермен салыстырағанда субъективизм сүрлеуіне түсіп, өз кемшілігін көрмей, өзгелердің олқылықтарын іздеумен күн кешеді. Өз мінезі мінсіз, ақылы айқын, өзгелерден өзін биік санап дараланып, өзімшіл өркөкіректікті қалыптастырады. Оның бақытсыздығына өзінен басқаның бәрі кінәлі. Бұл адамзат қоғамының төменгі тұсы — теріс полюсіне тән мінез-құлық.
Әркім ата-анасы, шыққан тегі, өмір кешкен ортасы, қоғамның берер тәлім-тәрбиесінің арқасында, ақыл алғырлығы, мінезінің мінсіздігі, ұмтылысының ұшқырлығы, әсіресе, еңбекқорлығымен бес жіктің табанынан өмірін бастап, ұшар басына ұмтылыспен өмір кешеді. Тынымсыз тірлік төрінде олардың жоққа жуығы жоғарғы жіктің деңгейінен көрінсе, көпшілігі ол мұратына жете алмай, төменгі қабаттарда өмір жолын тәмамдайды. Абай қара сөздерінде айтылған бесіктегі балалардан байқалатын айырмашылық ақырғы демі бітерде айқын көрінеді. Отанына, отбасына, ағайын, дос-жарына жасаған жақсылықтарын жастанып, кейбіріміз ажалды үстіңгі қабатта қазылығымен күліп қарсы алса, көпшілігі басын тау-тасқа соғып тапқан табысын, ұйқысыз, күлкісіз өткен өксік өмірінің мақсат-мұраты — дүние-мүлікті көзі қиып кете алмай, төменгі қабат тамұғында, қабақ шытып, қазымырланып қиналып өтеді. Соңғы сәт салқыны әпсәтте адам санасын сергітіп, кеткен көп қателігі, ашкөз дүниеқорлығы, сол үшін жат пен жақынға жасаған қиянаты қабырғасына қадалып өкініш өзегін өртесе, жадауға берген көмегі, жайдары мінезі, жомарттығы жанын жадыратады, өмірі еш кетпей жақсылық мәңгі жалғасатынына қуанады. Қара мен ханның, кедей мен байдың, өмір мен өлімнің терезесін теңеген жалған жазмыштың таңғажайып құдіреті бір сәтте таразы басына түскен жақсылық пен жамандық тайталасын теңеуге тауаны жетпей, тауы шағылып, ар мен ақылдың төрелігі алдында төмен қарап, бас иеді.
Сонда, неге бір елдерде саяси басқару формасы ғасырлар бойы өзгермегенімен, олар тұрақты, мықты елдердің қатарынан түспей кетеді, ал, енді біреулер оны киім ауыстырғандай өзгертіп тұрса да — табысқа жете алмауда деген сұрақ туады. Мүмкін мемлекеттің тағдырын — ақыл, жазмыш, әлде кездейсоқтық анықтайтын шығар?
Жарық дүниеден өткен әрбір ғұлама бұл сұраққа өзінше жауап берген. Конфуций мұның себебін ақыл-санамен түсінуге болмайды деген идеалистік ағым-трансцендентальдық болмыста деді. Платон басқаратын патшалардың ақылдығы мен көрегендігінде деді. Аристотель — мемлекеттің құрылымында десе, Монтескье — заңдардың қабылдануы мен орындалуында деп өтті, ал Макиавелли — патшалардың екіжүзлігінде десе, біздің замандасымыз Лев Гумилев — сол мемлекеттің азаматтарының пассионарлығында дегенді дәлелдеген.
Қай мемлекеттің тарихында болмасын, әсіресе, ауыр өтпелі кезеңдерде елдің, халықтың тағдыры үшін елбасылардың атқаратын рөлі өте зор. Ондайлардың қатарында А.Македонскийді, Октавиан Августі, Аттиланы (Еділ), Байбарысты, Шыңғысханды, Темірланды, Бабырды, Абылайханды, Наполеонды, Ататүрікті, Рузвельтті, Шарль де Гольді және Дэн Сяопинді жатқызуға болады.
Тарихи тұлғалардың негізгі екі тұрпаты бар сияқты. Наполеон — ұлы тұлға. Ол адам қанын қаншалықты судай шашса да сондай ұлы тұлға болып қалды. Қазір Гитлер, Сталин, Муссолини туралы кім не айтса да, олардың тарихи тұлғалары екені шындық. Сондықтан оларға да ұлылық тән. Жаман жағынан болса да солай. Адамзат тарихында басқа тұрпатты ұлы адамдар да бар. Олар жасампаз, бәрін де жөнге салып, жетілдіруші, заңдастырушы адамдар. Мысалы, Аврам Линкольн мен Джордж Вашингтонды алайық. Немес Шарль де Голль сияқты сирек кездесетін қабілетті адамды алайық. Ол қаншалықты қорлық көрсе де, эмиграцияда болса да, орасан зор ерлік танытты — Францияны азат мемлекет ретінде қалпына келтіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар Алжирден де абыроймен кете білді, азамат соғысының өртіне жол бермеді, АҚШ-қа әскери жағынан тәуелді болудан арылды. Батыс әлемінде Францияның өзіндік ерекше мәртебесін мойындатты. Немесе Осман ипериясының қираған қалдықтарына ғана қабылдап алған, бірақ соған қарамастан, Түркияның халқына Батыс әлемінің қымбат қазыналарын игеруді, атап айтқанда, еңбекке деген батыстық көзқарасты дарыта білген Кемаль Ататүрік ше? Түркия — өте күшті ел.
Айта берсек адамазат тарихында мемлекеттер басында болаған тарихи тұлғалардың сан алуан іс-әрекеттері туралы мәліметтер өте көп. Тағы да бірер мысалдарға кезек берелік. Октавиан — өзі керемет ақылды, шешен болмаса да дәл осы адам бірінші рет баяндамалар мен хабарларды қағазға қарап оқуды іс-тәжірибеге алғашқы болып енгізген көрінеді, оның мемлекеттік үлкен қабілетті бар еді. Соның арқасында ол ақылды, дарынды адамдарды өз жағына тартып, мемлекет ісін жүргізуге пайдаланды. Оның кезінде таланттар айырқша қолау тауып, ақылға жол берілгендіктен, Рим азамат соғысынан, бүлік пен талан-тараждан аман қалып, үлкен беделге ие болды. Сондықтан оны тірі кезінде — ақ Октавиан Август (пайғамбар) деп атап кеткен. Дүниеден өтер алдында ол құпия күлкімен езу тартып: қалай, мен өз рөлімді жақсы ойнап шықтым ғой деймін деп бірақ ауыз сөз айтыпты. Бұл сұраққа жанында тұрғандар тамаша деп ризашылық білдірген екен.
Байбарыс — қыпшақтан шыққан, мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Қазақ даласында туғандықтан өмірінің ақырына дейін негізінен ана тілі — қыпшақ тілінде сөйлеп өткен. Байбарыс араб басқыншылығы тұсында бала кезінде құлдыққа түсіп, бір көзінің кемдігіне қарамастан асқан қабілетінің арқасында Египет әмірлері бірауыздан сұлтан деп жариялануына қол жеткізеді. Ол бар күш-жігерін крест жорығына қарсы қойды. 1265 жылы крест тағушы франктерді бағындырды. Кіші Арменияға, Кіші Азияның салжұқтарына қарсы жасаған жорықтарында мол олжаға батты, берберлерді бағындырды. Байбарыстың патшалық құрған тұсында медреселер салынды, көптеген қаналдар плотиналар жөнделіп іске қосылды. Хулагу әулетінде қарсы күрес мақсатымен Байбарыс Алтын Ордамен одақ жасады. Ордаға Византия арқылы бірінші елшісін жіберді. Осы кезден бастап Египет … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер

  • Іс жүргізу
  • Автоматтандыру, Техника
  • Алғашқы әскери дайындық
  • Астрономия
  • Ауыл шаруашылығы
  • Банк ісі
  • Бизнесті бағалау
  • Биология
  • Бухгалтерлік іс
  • Валеология
  • Ветеринария
  • География
  • Геология, Геофизика, Геодезия
  • Дін
  • Ет, сүт, шарап өнімдері
  • Жалпы тарих
  • Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
  • Журналистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Маркетинг
  • Математика, Геометрия
  • Медицина
  • Мемлекеттік басқару
  • Менеджмент
  • Мұнай, Газ
  • Мұрағат ісі
  • Мәдениеттану
  • ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
  • Педагогика
  • Полиграфия
  • Психология
  • Салық
  • Саясаттану
  • Сақтандыру
  • Сертификаттау, стандарттау
  • Социология, Демография
  • Спорт
  • Статистика
  • Тілтану, Филология
  • Тарихи тұлғалар
  • Тау-кен ісі
  • Транспорт
  • Туризм
  • Физика
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Химия
  • Экология, Қоршаған ортаны қорғау
  • Экономика
  • Экономикалық география
  • Электротехника
  • Қазақстан тарихы
  • Қаржы
  • Құрылыс
  • Құқық, Криминалистика
  • Әдебиет
  • Өнер, музыка
  • Өнеркәсіп, Өндіріс