Ерғазы Рахымов | өмірбаяны

0

Ерғазы Рахымов (1938–1994) 10 қазанда Қытай Халық Республикасының Дүрболжын ауданы, Көзім-су ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген.

Ұзақ жылдар бойы Аягөз аудандық Мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, Аягөз аудандық «Алға» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.


Алғашқы өлеңдері мен көркем очерктері аудан, облыстық газеттерде жарияланып, оқырман қауымды тілінің шұрайлылығымен, ойларының жаңашылдығымен елең еткізді. Оның «Өкпеті өрендері», «Мұңсызбайдың мұрагерлері», «Сүрі қар», «Тентек келін», «Терісайры» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Зейнел күйі», «Жырлайды жүрек», «Ымырт пен қобыз» атты кітаптары жарық көрген.