Еркін Ібітанов өмірбаяны
Еркін Ібітанов (1935–2009)
6 маусымда Алматы облысы, Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған. Алғаш Қарасаздағы орта мектепте, одан кейін аудандық халық театрында жұмыс істеген. Аудандық «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1959 жылы жарық көрген «Көктем тынысы» атты жас ақындардың топтамасына өлеңдері енген. Алпысыншы жылдардың бас кезінде «Қойшылар» атты поэмасымен жарқ етіп көрінген жас ақынның топтама өлеңдері «Жырға сапар» ұжымдық жинағына енген. «Қойшылар», «Арман-әлем», «Хантәңірі, қайдасың?», «Қасиетті де қасіретті ғасырым», «Елшенбүйрек» атты жыр жинақтарының авторы. «Мен білетін Мұқағали» деректі эссесі жарық көрген.
Райымбек ауданының Құрметті азаматы, М.Мақатаев атындағы Республикалық Қордың және М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері.