Е.А. Тілепбердиев | өмірбаяны
Ерғожа Тілепбердиев 1960 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қайнар ауылында туған.
1983 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтының экономика факультетін бухгалтерлік есеп, шаруашылықты талдау мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Колхозаралық құрылыс комитеті, №1 Құрылыс тресіне қарасты №25 «Жылжымалы механикаландырылған құрылыс» мекемесінде бухгалтер болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорында, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде, Коммуналдық тұрғын үй Министрліктерінің шаруашылықтарында бухгалтер, аға бухгалтер, бас бухгалтер, аға экономист, финансист, бас директордың орынбасары, басқарма бастығы сияқты қызметтерді атқарған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылығы саласында ұжым басшысының орынбасары.
Ақынның бірнеше өлеңдері «Астана – жырым менің», «Райымбек», А.Беляеевтің «Утро доброго дня», «Поющие мысли или день возвышенных желаний» және т.б. жинақтарға енген.
Қазақстанның көрнекті композиторлары М.Илиясов, Е.Үсенов, С.Әбдінұров, А.Есмұханов. Б.Есмұханов және т.б. жас сазгерлер «Есілдің қызы ертегім», «Бақыт құшайық», «Тілеп Баба қобызы», «Туған жер», «Әлмерек баба», «Бауырым-әнім», «Тілейік ақжол», «Қарағанды», «Көкшетау», «Алтын Самрұқ» және басқа да көптеген өлеңдеріне арнап эстрадалық әндер жазған.
«Астанаға 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР «Елім менің» конкурсының екінші дәрежелі дипломымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.