Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі | Скачать Курстық жұмыс

0


Колледжге арналған пәнді оқыту барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру

Мазмұны
Кіріспе
1 Кәсіби колледждерде оқушылардың арнайы пән оқыту барысында қызығушылығын арттырудың теориялық негіздері
0.1 Оқу процесіндегі қызығушылықтың мәні мен ерекшелігі
0.2 Арнайы пән оқыту барысында студенттерді белсендіру
1 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
1.1 Арнайы пән барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер
1.2 Арнайы пәнді жүргізу барысында қолданылатын заманауи технологиялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан — 2030 жолдауында: оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет… ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар — әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап,
қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру — білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама — қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті оқытушылардың әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы — қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру — бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Оқытушының басты рөлі — тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай,әр мұғалім,өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,сабақ тартымды да, мәнді,қонымды,тиімді болары сөзсіз.Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудын жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,терезесін тең ететін -білім.Сондықтан,қазіргі даму кезеңібілім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге өабілетті маман дайындау.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі-педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған,толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.Жаңа формация мұғалімі-табысы,біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: колледжге арналған пәнді оқыту барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының нысаны: колледж оқушыларының оқу — танымдық қызығушылықтары.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo кәсіби колледждерде оқушылардың арнайы пән оқыту барысында қызығушылығын арттырудың теориялық негіздерін айқындау;
oo оқу процесіндегі қызығушылықтың мәні мен ерекшелігін анықтау;
oo арнайы пән оқыту барысында студенттерді белсендіру әдістерін талдау;
oo арнайы пән барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге талдау жасау;
oo арнайы пәнді жүргізу барысында қолданылатын заманауи технологияларды қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Кәсіби колледждерде оқушылардың арнайы пән оқыту барысында қызығушылығын арттырудың теориялық негіздері

1.1 Оқу процесіндегі қызығушылықтың мәні мен ерекшелігі

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.
Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты арнайы пәндерді заман талабына сай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып тұр. Арнайы пәндерді оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.
Оқыту әдістемесі — педагогиканың күрделі саласының бірі — дидактикалық тарауынан қаралады. Дидактика (оқыту теориясы) гректің — оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу процесінің заңдылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Ал, арнайы пәндерден оқушыларға білім беруде — оқыту әдістері жоғарыда айтылған заңдылықтар мен принциптерге сүйенеді.
Сабақ- оқытудың барлық кезеніңде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістердің жүйесіне назар аударылады.. Қазіргі сабақтың түрлері мен өткізу әдістері туралы көптеген педагог-ғалымдар жылдар бойы ізденіс жасап, ұтымты пікірлер айтып келеді.
Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып қалыптастыру қажет. Оқу жоспары мен бағдарламасы, оқулық пен көрнекілік құралдар, мұғалімдердің дидактикалық жағынан тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін арттыру тіл пәнін оқытудың сапасын жетілдіретін басты белгілері деп білеміз.
Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Ол жақсы ұйымдастырылған оқытушы мен оқушы арасындағы қызметтінен көрінеді.
Арнайы пәндерді оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, қазақ тілі оқыту әдістерінің түрлерін топтастыруға болады:
1. Баяндау әдісі, түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
2. Кітаппен жұмыс әдісі.
3. Көрнекілік әдісі.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.
5. Жаттығу әдісі.
Іс жүзінде осы жоғарыда аталған әдістің түрлерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім беруге болады.
Сабақ- мұғалім айнасы. Мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін оқушыларға сауатты жазуға, өз ойын, сөзін еркін сөйлеп, әдеби тіл нормаларын жаттықтыру, әдепті, мәдениетті сөйлеуге үйретуді, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымының жетістіктерімен ұштастыра алатын, шығармашылыкпен еңбек ететін, ғылыми дүниетанымы кең ұстаз ғана атқара алады.
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске баулу керек. Оны жүзеге асырудың бірден-бір жолы — сабақ процесінде ойын түрлерін тиімді пайдалану.
Сабақта ойынды тиімді пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштатастырып, ой-өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.
Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін концерт-сабақтар, практикум-сабақтар, жарыс сабақтары, той сабақтары сияқты сабақ түрлері мектептерде өткізіледі. Сабақта өтілетін негізгі материалдарды жоғалтып алмай, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгерген жөн.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы құрылымы қазір көптеген өзгерістермен, жаңалықтармен толықтырылуда. Ал осы жаңа құрылымдағы сала өзіне қажетті жоғарғы және орта буын мамандарының жоғары кәсіби даярлығын талап етеіні сөзсіз. Бұл бір жағынан қазіргі нарықтық экономика талаптарын орындап отырған қоғамның орта буын мамандарын даярлауға қойған талабы да түбегейлі өзгерген кезде маңызды болуы міндетті жайт. Қазір еліміздің техникалық колледждерінде орта буын мамандарын даярлау — басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқу процесіне де жоғары талаптар қойып отырғаны белгілі.
Қазақстан — 2050 Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап жаңа үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын, деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жыл 14-желтоқсанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетті [1].
Сонда Қазақстанның техникалық колледжі түлегін қажет ететін агро-өнеркәсіп кешенінде де, автокөлік мекемелерінде де, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларында, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібі саласында да орта буын мамандарының білімді маман, білікті кадр ретінде өндірісте танылуы колледжде алған білімдерінің сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан техникалық колледждердегі қалыптасқан білім жүйесін жоғары деңгейлі техникалық ойлау қабілетімен, кәсіби бағытталған саналалықпен, оқу процесіндегі ғылыми іс-әрекеттермен байланыстыру қажет.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында кәсіптік бағдар немесе кәсіби бағыттылық деген ұғымға білім алушылардың кәсіптік қызы-ғушылықтары мен жеке қабілеттеріне сәйкес білім беру саласында мамандық пен оқитын орнын таңдауына ақпараттық және консультациялық көмек беру деп түсініктеме берілген [2]. Сонда қазіргі колледж оқушысы болашақ мамандығын кәсіби бағдар арқылы таңдап алған соң, оның өндірістегі білікті кадр болып қалыптасуы колледж оқытушыларының міндетіндегі іс болып табылады. Ол үшін колледждердің оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып, арнайы пәндерге арналған зертханалық жұмыстар оқытудың инновациялық технологиясыменн байланыстырылуы тиіс. Бұл жөнінде жоғарыда атап өткен Елбасы Жолдауында Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және нақты құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз деп нақты тапсырма ретінде атап көрсетілген [1]. Мұның орындалуына барынша атсалысу — оқу орны қызметкерлерінің барлығына бірдей міндет болып жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникация желілерге тығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Оқушылардың оқу — танымдық іс-әрекетін белсенділігін қалыптас- тыруда олардың қабілеттерін дамытуға,танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, іздесіне талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу-танымдық іс-әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерінөмірде пайдалану білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу-танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықласының құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеріктік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі класс оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз, дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тəуелді. Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу технологиялары нақтыланған:
— ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
— теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
— жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков);
— оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);
— проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
— оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин);
— оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
— оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін қолдану (Г.И.Щукин);
— төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс, көңіл-күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков) [3].
Білім беру мазмұнын жетілдіруінің қайнар көзі-мәдениет немесе әлеуметтік тәжірибе. Дегенмен, әлеуметтік тәжірибенің мазмұны, немесе мәдениет мектептегі білм мазмұнын толық анықталмайды. Білім мазмұнын құрастыруда балалардың жекелік-тұлғалық дамуының олардың қабілетінің, дарындарының, қызығушылықтарының талаптары ескерілуі тиіс. Осы мақсатқа жалпы білім беру мазмұнында міндетті пәндермен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай дайыңдайтын таңдау пәндері де енгізілген. Бұл оқушылардың өзіндік қасиеттерінің, кәсіби бағытталуының тереңдеуіне жағдай жасайды.
Колледждің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Оқушыларға оқу іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және асықпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларғакөрсетілген оқу-әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің, не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.

1.2 Арнайы пән оқыту барысында студенттерді белсендіру

Білімдегі тұлғалық амал күнделікті, жалпы педагогикалық санада оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасының этикалық-гуманистік ұстанымға сәйкестігі ретінде қарастырылады. Гумандылыққа немесе білім алушымен қарым-қатынастағы ізгілікке педагогика ілімінің классиктері — Ж.Ж.Руссо, Л.В.Толстой, М.Монтессори, Ы.Алтынсарин т.б. үндеген болса, қазіргі белгілі педагог-ғалымдар, жаңашыл ұстаздар бұған ынтымақтастық педагогикасы деген атпен ерекше ден қоюда.
Тұлғалық амалдың басты мақсаты — тұлғаны айналасындағы ұстанымдардың жиынтығы болып табылатын педагогикалық әрекет ретінде қарастырады. Тұлғалық амал педагогикалық үдерісте тұлғалық құрылымдардың пайда болуын түсіндіретін ұстаным деп танылып, адам өміріндегі қандай да бір өзгерістерді оның өзін-өзі жүзеге асыру әрекетінсіз түсіндіруге болмайтындығына назар аударады. Бұл амал тұлғаның білімдік үдерістегі еркіндігі, яғни білім мазмұнын өзінше ұғу, қабылдау, білімдік маршруттарды, басымдылықтарды өз бетімен таңдау ұстанымын тірек етеді.
Тұлғалық амал ұжымдық оқытуға балама түрдегі даралап, саралап оқыту идеясының басымдылығын алға шығарады.
Жаңа тұлғалық парадигмаға көшу — қазіргі заманғы білім беру және жалпы қоғамның ХХ ғасырдың аяғындағы педагогикалық сана-сезімінің жетекші беталысы. Көптеген ғасырлар бойы білім беруде үстемдік еткен білімдік-ағартушылық парадигма өз мүмкіндіктерін сарқыды деп есептеудің негізі бар. Біріншіден, білім көлеміне онда тіпті ең жалпылай бағдар жасау үшін сана жетпейтін болды. Екіншіден, білім беру қызметінің адамды білімге қанықтыра, толыққанды жүзеге асыра алмайтыны анықталды. Өмірлік практика танымның кеңдігі мен энциклопедиялылығы адамның өз адами қырындағы білімінің жетіспеушілігімен жеңіл сыйысып отыратынын әлденеше рет көрсетті. Әңгіме, әрине, білімнің зияны туралы емес, білімдік парадигманың ойлау стилі ретінде шектеулілігі туралы болып отыр. Білімнің өзі — білім берудің жан-жақты өлшемі екені даусыз, себебі адамның жеке тұлғалық тәжірибесі және оның рефлексиясының басқа да өнімдері ақыр аяғында мүмкін, аздаған басқаша қасиетке ие білім түрінде болатыны белгілі
Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру — оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [4].
Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б.еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Студенттердің танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, М.Мантель, Д.Локк, Я.А.Коменский, И.Кант еңбектерінде айтылған.
Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский : Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет,-деп ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.
Студенттердің танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік — студенттің оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектеді зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, студент өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі.
Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология) — айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен тоерияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі — рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім — таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол — білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.
Дүниені танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз — дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.
Студенттер бойында кездесетін қабілеттіліктері — білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс.Ол студенттердің сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу — оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқытудың белсенді әдістерінің дамуына өз үлестерін қосқан теоретик және тәжірибелі оқытушылар: Н.А. Кошкарбеков, А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев, М.М. Леви және т.б. Бірақ бұл зерттеулер мектеп материалдары негізінде зерттелгендіктен, ол Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқытудың белсенді әдістерінің дамуын қиындатты, себебі кәсіби және техникалық білім беруде дидактикалық жағынан дәріптелуін қажет етті.
Бұл жұмыста оқытушы оқытудың белсенді әдістерін кәсіби білім беру шарттарына сай дәріптеп, талқылау.
Құқық пәндерін оқыту тәжіріибесінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы анықтағандай, оқытуда қолданатын белсенді әдістер жан-жал, кейбір шешімін табуы қиын мәселе есептерді шешкенде , алға қойылған мақсатқа жетуде білім алушылардың қолданатын әдістері болып табылады.
Оқыту барысында белсенді 3 әдіс байқалады: ойлау, іс-әрекет және сөйлеу, ақпарат.
Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістерін қолдануына байланысты жоғарыда аталған әдістерін біреуі немесе бірнешеуі қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Белсенділік деңгейі аталған 4 әдістердің қолданылуына қарай анықталады. Мысалы: дәріс сабақтарында ойлау қолданылады.(есте сақтау), практикалық сабақтарда-ойлау мен іс-әрекет, ал дискуссия сабағында- ойлау, сөйлеу және кейбір жағдайларда эмоционалды- тұлғалық қабылдау, іскери ойындарда- белсенді әдістердің барлық түрі, экскурсияда- тек қана эмоционалды- тұлғалық қабылдау.
Бұл эксперименталдық сараптама мәліметтері нәтижесінде анықталған келесі ақпарат: дәріс сабақтарында оқытылатын материалдың 20-30% ғана, әдебиеттермен өзіндік жұмыс атқарғанда -50 %, жаттағанда- 70% (қайта-қайта қайталағанда), ал (мысалы іскери ойын) кезінде ақпараттың -90%. Әдістер жеке педагогикалық дәйектеме ретінде және дәстүрлі жүйемен онтайландырып әзірлеуге болады [5].
Оқу процессінің тану мүмкіншілігіне ие болады: әр білім алушы белгілі бір тапсырма алғанда, топтың алға қойған мақсатына жетуге тану процессінің ролі зор. Мынадай әдістер: іскери ойын, дебат, «INSERT» келесідей міндеттерді шешеді:
oo ашық сөйлесу дағдыларын белгілі нысандарға келтіру;
oo өз көзқарасын ашық, әрі нақты жеткізе білу;
oo күрделі жағдайлардың туындауын, оларды шешу жолдарын сараптай отырып, одан шыға білу.
Оқытудың белсенді әдістерін қолданудың бірқатар ерекшеліктері бар:
oo дәстүрлі жүйемен келістіріп қолданған жағдайда оң шешім береді;
oo оқу процессінде белсенді әдістерді жиі қолдануға болмайды;
oo оқытудың белсенді әдістерін практикалық сабақтарда қолданған дұрыс, себебі әсіресе практикалық сабақтарда болашақ маман алдына қойылған тапсырманың шешімін жан-жақты ойлап табуға тырысады.
Білім алушылар оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы арнайы және жалпы кәсіби пәндерді оқытқанда, болашақ мамандығымен әлеуметтік-қоғамдық байланыстарын таниды.
Іскери ойын негізінде тұлға аралық, дағдарыс жағдайлары көрсетіледі. Ойын барысында қатысушылар бірі-бірімен диалог құрып, берілген тапсырманы шешуге тырысады. Осындай ойындар студенттердің белсенділігін арттыруға, қызуғышылығын арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге, сонымен қатар логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен шешімдер қабылдауына әсер етеді.

2 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі

2.1 Арнайы пән барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Әдіс — оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе — оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл — оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
oo ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
oo мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
oo оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
oo жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі — оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары — білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: … жалғасы