Ароматты аминдер, жіктелуі, химиялық қасиеттері. Азобояғыштар және оның маңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Химиялық пәндер кафедрасы
Тақырыбы: Ароматты аминдер, жіктелуі, химиялық қасиеттері. Азобояғыштар және оның маңызы.
Орындаған: Аймахан Н
Тобы : В-ФКБ-02-17
Қабылдаған: Бухарбаева А.
Шымкент 2018 ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Аминдер. Ароматты аминдер.
2. Алыну жолдары.
3. Химиялық қасиеттері.
4. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік ароматты аминдер.
5. Азобояғыштар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ароматты аминдер де аммиактің туындылары деп қаралады. Амин тобы бензол сақинасында не бүйректегі тізбекте болады. Ароматты аминдер де біріншілік, екіншілік, үшіншілік болады. Аминдерде алифатты және ароматты радикалдар да болады. Біріншілік ароматты аминдердің жалпы формуласы АгNН2, мысалы, анилин (фениламин не бензенамин) С6Н5NН2, СН3С6Н4NН2 о- , м- , n- аминтолуолдар (толуенаминдер не толуидиндер).
Алу әдістері
І. Біріншілік ароматты аминдерді нитроқосылыстарды тотықсыздандырып алады (Зинин реакциясы)
(тотықсыздандырғыш (Н2) алу үшін темір мен тұз қышқылын не күкірт қышқылын; қалайы мен тұз қышқылын алады).
1. Ароматты қатардың галогентуындыларынан және аммиактан алады:
2. Гофман реакциясы арқылы қышқылдардың амидтері арқылы алады:
С6Н5 — СОNH2 + NаОВr — С6Н5 — NH2 + СО2 + NаВr
ІІ. Екіншілік аминдер, жалпы формуласы Аr2NН, ArNHR мысалы, дифениламин (С6Н5)2NH, метилфениламин (метиланилин) С6Н5NHСН3
1. Оларды алу үшін біріншілік ароматты аминдерді галогентуындылармен не спирттермен алкилдейді.
2. Шифф негіздерін (азометиндерді) гидрлеп
С6Н5N = СНCH3 + 2H2 — С6Н5NHСН2CH3
Этиланилин
3. Ароматты аминдерді олардың тұздарымен әрекеттестіріп:
С6Н5NН2 + С6Н5NH2 . HСl — (С6Н5)2NH + NH4Сl
ІІІ. Үшіншілік аминдерді трифениламин (С6Н5)3N; дифенилметиламин
(С6Н5)2NСН3
1. Біріншілік не екіншілік аминдерді алкилдеп не арилдеп алады.
2. Екіншілік аминдер мыс ұнтағы қатысында арилйодидпен қыздырады:
Физикалық және химиялық қасиеттері
Ароматты аминдер — сұйық не қатты жағымсыз иісті заттар. Өте улы, суда нашар ериді. Ароматты аминдердің негіздік қасиеті алифатты аминдердің негіздік қасиетінен төмен:
КД,С6Н5NH2 = 3,8∙10-10; КД,СН3NH2 = 4,4.10-5
Ароматты аминдер химиялық реакцияларға аминтобы не ароматты сақина бойынша түседі.
1. Амин тобындағы сутегі алкиндерге ауысады:
С6Н5NН2 + СН3І — С6Н5NНСН3 + НІ
2. Аминдердің сутегі атомдары ацил қалдықтарына ауысады да ацетанилидтер түзеді.
3. Шифф негізін (азометин) алу
бензой альдегиді Шифф негізі
4. Хлороформмен спирттегі сілтімен ароматты аминдер әрекеттескенде карбиламиндер (өте жаман иісті зат) не изоцианидтер түзіледі.
Бұл реакция арқылы біріншілік аминдерді анықтауға болады.
5. Азотты қышқылымен әрекеттесу. Біріншілік аминдер азотты қышқылмен әрекеттескенде диазоний тұздарын береді.
Екіншілік ариламиндер және N-алкилариламиндер азотты қышқылмен әрекеттесіп, N-нитрозоаминдер түзеді:
Үшіншілік ариламиндер азотты қышқылмен әрекеттескенде бензол сақинасындағы n- орынға нитрозотобы барады, егер n- орын бос болмаса, онда нитрозотоп о- … жалғасы