Ақпараттық мәдениет және цифрлы қазақстан жобасы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Әлеуметтану. Саясаттану. Мәдениеттану
Кафедра: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: Ақпараттық мәдениет және «цифрлы қазақстан» жобасы
Орындау түрі: Кесте әзірлеу
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 Б
Тексерген:Айтжанова Жанат Ергалиевна
Ақтөбе 2018 жыл
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ — ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Бұл жайында не білеміз?
Елімізде жаңа технология — ларды жетік меңгеру үшін қабыл — дан — ған Цифрлы Қа — зақстан бағ — — дарламасы 4 бағыт бойынша жү — зеге асырылады. Бірінші бағыт — ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт — көлік және ло — гистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда эконо — миканың салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі — мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт — IT мамандарды даярлау. Қазақстанда мобильді бан — кинг, онлайн сауда және цифр — лы қызмет түрлерін дамыту қарқын алуда. Алдағы уақытта коммуникацияның дамуына, IT технологияларды жетілдіруге де күш жұмсалмақ. Бұл істе өзге мемлекеттердің табысты тәжіри — белерін назарда ұстаған жөн. Елімізде автоматтандыру жүйесі бұрыннан бар екені бел — гілі. Ал цифрлы технология енді-енді тұрмысқа ене бастады. Қазіргі кезде адамдар жұмысын жеңілдету үшін барлық жағ — дай жасалып жатыр. Қыз — мет көрсету құрылғылары жетіл — діріліп, жаңартылу үстін — де. Ірі компанияларда, шаруашы — лық — тарда ақылды роботтар жұмыс істей бастады. Бір ғана мысал, қазіргі кезде әртүрлі шаруашылықтарға жаңа технологиялар орнатылуда. Олар уақыт өткен сайын жаңарып, соңғы үлгідегі құрылғылар жұ — мыс барысында тез әрі сапалы қызмет көрсетіп, сұранысы да артуда. Бір жағынан уақыт та үнем — деліп, жұмыс орнындағы адам саны да азайды. Мысалы, ОҚО, Бөрте-milk ЖШС-де 360 сауын сиыры бар. Шаруашылықта алты сүт сауушы робот жұмыс атқаруда. Ал дәл осындай сауын сиыры бар Алматы облысындағы Каримов ЖШС-де төрт, 540 сауын сиыры бар ШҚО Лавровка ЖШС-де 9 робот бар. Бұрын шаруашылықтарда 200 бас сауын сиырын сауып, күту үшін 30 сауыншы, 2 малшы қажет болатын болса, қазіргі кезде бұл жұмыстарды санаулы роботтар жасай алады. Осыдан-ақ жағдайдың қаншалықты өзгер — генін аңғаруға болады. Алдағы уақытта төрт-түлік малдың мойынына чип енгі — зі — летіні де айтылуда. Оның ерек — шелігі, біріншіден, малдың реттік саны, түрі, түсі, жылы, қандай аурумен ауырғаны — барлығы чипте тіркеліп тұрады екен. Ал JPS-ті асыл тұқымды мал — дарға орнату қолайлы. Се — бебі, ұрық — — тан — ған уа — қы — тын білу ар — қылы төл — — — дейтін мез — — гілін ал — — дын ала топ — шы — — — лауға мүм — — кіндік туады. Қан — дай түр — мен будан — дас — қа — нын біліп, төлінің сапасын анық — тай алады. Міне, байқаған — да — ры — ңыздай, цифрлы техно — ло — гияның өзін-өзі тез ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың ең сенімді құралына айналар күн де жақын. Қуан — тарлығы, жаңа технология арқылы жаңа мүмкіншіліктерге де жол ашылады.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасының жүзеге асу жоспарын назарларыңызға ұсынамыз:
— Электронды сауда;
— Шағын және орта бизнес бағытын цифрландыру;
— Мемлекеттік мекемелерді цифрландыру;
— Киберқауіпсіздікті күшейту;
— Ғылыми-зерттеу жұмыс — тарын дамыту үшін ақпарат — тық коммуникациялық техноло — гияларға қолдау білдіру;
— Ақылды қала жобасын толыққанды жүзеге асыру;
— Бастауыш және орта білімді цифрландыру;
— IT-startup халықаралық тех — нопаркін құру;
— Медициналық әлеуметттік сақтандыру қорының жүйесін қалып — тастыру.
Қазіргі кезде Инновация және даму министрлігі жол метеорологиялық стансасынан мәліметтерді бірыңғай дис — петчерлік орталыққа ауыстыруды көздеп отыр. Бұл температураның өзгеруіне, жол жағдайына бай — ланысты жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Ауа райы стансасы бей — небақылау камера — сымен, сондай-ақ түрлі ескер — тулерді көрсетіп, ақпарат бе — ретін хабарлама тақталармен жабдықталады. Ол жол бойында ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ескерту!, Мұз!, Назар аударыңыз!, Жауын-шашын!, Жылдамдық шек — теуі! және өзге де бірнеше хабар — ламаларды көрсететін бо — лады. Бұл жаңа техниканың арқасында жолшылар мұздақтан және бораған ұйытқыма қардан тазалау үшін қанша арнайы техниканың қажет екенін алдын ала жобалай алады. Ақылы жолдарда бейнекамера тәулік бойы жұмыс істейді. Бұдан бөлек, барлық өңірлерде көліктердің жылдамдығын көрсететін және жылдамдық режимін бұзғандарды анықтайтын қондырғы орна — тылған болатын. Иә, шынында да бұл жұмыс — тардың барлығы жүйелі түрде іске асып жатыр. Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы цифрлы тех — но — логияны ендіру үшін жасалған қадамдар екені анық. Айналасы бірнеше жыл — дың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефонды ұстады. Жыл өткен сайын олар — дың функциялары өзгеріп, мүм — кіндіктері де арта түсті. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қол — данылған телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смарт — фондарға ауысты. Бүгінде ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар интернет желісіне еркін қосылатын компьютер іспетті. Адамдар ұялы телефондарына сан алуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамда орын алған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіретін болды. Сондай-ақ ұлттық жерсеріктік OTAU TV теле-радиохабар тарату желісі іске қосылып, отандық ар — на — лардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Нәти — жесінде, республикамыздың әрбір аймағынан хабар тарататын облыстық телеарналарды елі — міздің кез келген өңірінен көруге болады. Бұрын тек Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда ғана көрсететін арналарды тамашалайтын мүмкіндік туды. Алдағы уақытта қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстар жал — ғаспақ. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. … жалғасы