Біртанов Таразда болған жарылыстан жапа шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

0

Қажет болған жағдайда министрлік науқастарды орталық клиникаларға тасымалдауға дайын.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.

— Өкінішке орай, үш адам көз жұмды. Тағы үш адам ауруханада жатыр. Бала, өкінішке орай ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Оны отаға дайындап жатыр. Министрлік барлық қажетті көмекті көрсетуде, біз санавиация бағыты бойынша көмектің қажеттілгі жайлы да сұрадық. Әзірге ондай қажеттілік жоқ. Одан бөлек, денесін қатты күйік шалған науқас бар, ол интенсивті терапия қабылдап жатыр, — деді Біртанов «Нұр Отан» партиясы съезінің жиынында.

Жағдай тұрақтаған соң министрлік науқастарды орталық клиникаларға тасымалдауға дайын, деп атап өтті ол.

Жарылыс сәрсенбі күні таң қараңғысында Тараздағы бес қабатты тұрғын үйде орын алды. Жарылыс эпицентрі екінші қабатта орналасқан пәтер болды. Бірінші қабаттан үшін қабатқа дейінгі аралықтағы үй жабыны опырылып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысын пайдаланудағы салғырттық себеп болған.

Қаза тапқандар саны үш адамға жетті. Нұрсұлтан Назарбаев жапа шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz