Жаңаөзендегі Азаттық тілшісілерін полиция ұстап әкетті

0

Бүгін таңертең Жаңаөзендегі ахуалды түсіруге барған Азаттық тілшілері журналист Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбековті полиция ұстап әкеткен.

-Жаңаөзен орталығындағы жұмыспен қамту орталығы маңында түсіру жұмыстарын бастап жатқанда арнайы қызметтің екі сарбазы мен бір полицей келіп, «сіздің үстіңізден арыз түсті» деп көлікке отырғызып, алып кетті. Ақтауға, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінде алып келді. Қазір мен Назарбай Жамбаев деген тергеушінің алдында отырмын, — деді телефонмен хабарласқан журналист Сәния Тойкен.

Оның сөзінше, оператор Санат Нұрбеков те сол Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінде, бірақ оны өзге тергеушіге алып кеткен. Қысқа хабардан соң Сәния Тойкеннің ұялы телефоны ажырап қалды, Санат Нұрбековтің ұялы телефоны өшіп тұр.

Азаттық