Алматыда жас жігіт клубқа кетіп, қайтып оралмаған
Ұлының жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлады.
Алматыда Қаниев Әйбек Мұратұлы есімді жас жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлының жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлап отыр.
— Ұлым ҚАНИЕВ ӘЙБЕК МҰРАТҰЛЫ жоғалып кетті! 11.08.1997 жылы туған. Оны соңғы рет ВНВ клубында (Алматы қ. Пушкин-Құрманғазы көшелерінің қиылысы) 2019-жылғы 24-ақпан күні таңғы сағат 4:00 көрген. Телефоны содан бері жауап бермейді. Ұзындығы тізеге дейін түсетін капюшоны бар спорттық қара күртеше, «Nike» қара кроссовки (кеды типтес), қара джинс шалбар, ақ майка, ашық түсті жемпір (пиджак типтес) киген. Кез-келген ақпаратқа алғысымды білдіремін, — делінген Facebook-тегі постта.
Қандайда бір ақапарат білетіндер болса 8 701 736 11 00 телефон нөміріне хабарласуы сұралады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz