Алаш автономиясы | Скачать Реферат
Ақтөбе қаласы
ҚазГЗУ колледжі
Мәнжазба
Тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі ұлттық автономиялар
Орындаған: Маратқызы Н.
Тексерген: Есентаева Қ.А.
2016-2017 оқу жылы
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Қоқан автономиясы
ә) Алаш автономиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
I. Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуда сыртқы күштердің ықпалы бұған дейін қалыптасып келе жатқан азаматтық келісім жағдайындағы өзінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа мәселелерін өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін біртұтас ұлттық-демократиялық даму жолына түсу үмітіне шек қойып, Қазақстанның бұдан былай да орталық биліктің дөңгелегіне мықты байлаулы күйінде қалғандығын шешті. Бұл кезеңде большевиктерге қарсылық күресті ұйымдастыратын бір орталықтың болмауы, ол күштердің бытыраңқы жағдайда, әрі бір-бірімен қарама-қайшылықты қатынаста болуына байланысты ұлт аймақтардағы демократиялық күштер мен олардың саяси ұйымдары оқиға барысының дамуын қадағалап, өздеріне бұл күресте одақтастарды тіпті тиімсіз жағдайда іздеуге мәжбүр болды. Д.А.Аманжолова ол туралы …ұлттық коммунистік ұйымдардың болмауы, жергілікті жерлерде большевиктердің атын жамылған ерекше диктаторлық билік, шет аймақтардағы большевиктік қозғалыспен қатар жүрген зорлық, тонау және қызмет бабын пайдалану, толық анархия Алаш қозғалысын антисоветтік күштердің лагеріне итермеледі деп көрсетеді . Жалпы Алаш интеллигенциясы арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан-ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіпті Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын. Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жағдайында мұндай шараға бару мүмкін емес-тін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасындағы түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының, жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығы осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді. Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болса жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет еді. Жіктелу керісінше, оны әлсіретіп, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді деп пайымдайды тарихшылар.
II. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра-тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас-қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгерӘ.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның … жалғасы