Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін

0


Ақтөбе қаласы
ҚазГЗУ колледжі

Мәнжазба

Тақырыбы: Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін

Орындаған: Маратқызы Н.
Тексерген: Есентаева Қ.А.

2016-2017 оқу жылы

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а)Латын Америкасы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін.
Ұлтшыл -реформизм
ә)Революциялық процестер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

I. Латын Америкасы — Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 — 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 — 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты. 1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Солтүстік Американың оңтүстік бөлігіндегі жерлерде, Вест-Индияда және Оңтүстік Америкада орналасқан елдер тобын Латын Америкасы деп атайды. Латын Америкасында еуропалық қоныстанушылардың ұрпақтары, метистер, мулаттар, үнділер, африкандықтар тұрады. 18 елде ресми тілі-испан тілі.

II. Ұлтшыл — реформизм. Аймақ елдерінің соғыстан кейінгі онжылдықтар ішіндегі тарихы қоғамдық дамудың консервативтік, реформистік және революциялық баламаларының арасындағы күрестерге толы болды.
Латын Америкасы елдерінің соғыс кезінде және соғыстан соңғы жылдардағы өнеркәсіптік дамуларының олар үшін қолайлы сыртқы экономикалық жағғдайлар (олардың өнімдерінің бағаларының жоғары болуы) туып тұрған кездегі табыстары ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның күшеюіне себеп болды. Олар шетел капиталы мен көбінесе ауыл шаруашылық шикізатін экспорттау шаруашылығымен байланысты дәстүрлі буржуазиялық-помещиктік олигархияны ығыстыруға, ұлттық экономиканың жедел дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылды. Мұндай ниеттер орташа таптар, ұсақ буржуазия, еңбекшілер тарапынан қолдау тапты.
Осы негізде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұқаралық ұлтшыл-реформистік партиялар мен қозғалыстар өріс алды. Олар экономикалық және әлеуметтік прогреске, әлеуметтік әділеттілікке жету, өз елдерінің егемендігін нығайту үшін күреске шақырды.
Осы сипаттағы қозғалыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және ықпалдысы Аргентинадағы перонизм — полковник, кейіннен генерал Хуан Доминго Перонның жақтастарының қозғалысы болды. Өзі белсенді түрде қатысқан 1943 ж. 4 маусымдағы әскери төңкерістен соң Перон Аргентина үкіметінде беделді ықпалға ие болды. Ол тәуелділік пен мешеулікмен құтылу және таптардың ынтымақтастығы негізінді әділетті, гүлденген қоғам орнату үшін аргентин халқын бірлікке шақырды. Перон империализм мен олигархияны сынады, тұрмысы нашарларды қорғауға шақырды. Ол өзін халықты соңынан ерте білетін шебер саясаткер және дарынды шешен ретінде көрсете білді. Аргентина еңбекшілерінің сан миллиондаған қалың бұқарасы оны өздерінің қорғаушысы және қамқоршысы деп таныды. Перонның басты арқа сүйері елдің ұлттық кәсіподақ орталығы — Жалпы еңбек конфедерациясы(ЖЕК) болды. Бір мезгілде Перон олардың мүдделерін қорғап, үкімет бақылауымен жұмысшылармен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге уәде беріп, кәсіпкерлердің қолдауына ие болды.
1946 ж. ақпанда болған Аргентинадағы жалпыға бірдей сайлауда консерваторлардан бастап комунистерге дейін барлық дәстүрлі партиялар Перонға қарсы бірікті. Бірақ Перон дауыстардың 54 % алып, президентікке сайланды. Бұл қызметте ол 9 жыл (1946 ж. маусым — 1955 ж. қыркүйек) отырып, елді авторитарлық әдістермен басқарды.
1947 ж. перонистік қозғалыс билеуші Перонистік немесе Хустисиалистік партияға (хустисиализм — әділет) бірікті. ЖЕК-ның өкілдері үкімет құрамына енді, парламенттің — Ұлттық конгрестің жұмысына қатысты. Перон жұмысшылардың жалақысын арттарды, жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз етуді, ақылы демалыс енгізді. Еңбекшілердің конституциялық құқықтары конституцияға енгізілді. Перон үкіметі шетелдік компаниялардан сатып алып, темір жолды, телефон, Орталық банк тағы басқа да бірсыпыра кәсіпорындарды мемлекет қарамағына алды. Экономикалық дамудың бес жылдық жоспары жасалды, бірнеше өндіріс кәсіпорындары, транспорт магистральдары салынды, ұлттық капиталға қолдау көрсетілді.
50 жж. ортасында Аргентина эскпортына баға төмендеп, одан түсетін табыстардың қысқаруына байланысты кең көлемді әлеуметтік және экономикалық саясатты әрі қарай жалғастыра беру мүмкіншіліктері шектелді. Осы жағдайларды пайдаланып, Перонның қарсыластары 1955 ж. қыркүйекте әскери төңкеріс жасады.
Мексикада ұлтшыл-реформистік саясат 40-жж. орын алды. Оған Л.Карденастың үкіметінің өзгерістері жол ашты. Карденастан кейін Мексика үкіметтерінде ұлттық өнеркәсіптік буржуазияның мүдделері басымдық алды.
Билеуші Институциялық-революцияшыл партия (ИРП) — 1946 ж. бұрынғы Мексика революциясының партиясы осылай аталған болатын — қоғамның барлық таптарының бұқаралық ұйымы ретінде елдің саяси өмірінде жеке-дара орын алды. Партияның басшысы республика президенті болды. Оны партия ұсынып, жалпыға бірдей сайлауда 6 жыл мерзімге (қайта сайлау құқынсыз) сайланды. ИРП-да партиялық-мемлекеттік бюрократия жетекші жағдайда болды.
Мексиканың жұмысшы партияларының арасында ұлтшыл-реформизмнің ықпалы күшті болды. Реформистік тұжырымдар еңбекшілердің бірен саран талаптарын орындау, кәсіподақ өкілдерін әр түрлі комиссиялардың жұмыстарына қатыстыру, жұмысшыларды пайдаларды бөлісуге тарту сияқты екінші дәрежедегі іс-шаралармен толықтырылып отырылды.
Мексика үкіметі соғыстан соңғы жылдары жергілікті өнеркәсіп капиталына белсенді … жалғасы